Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Көлігін өртеу, жеке дерегін жариялау»: Журналистерге кім қастандық жасап жүр?
Қоғам

«Көлігін өртеу, жеке дерегін жариялау»: Журналистерге кім қастандық жасап жүр?

Наргиза Аршидин
Наргиза Аршидин 19.01.2023
Обновлено 19.01.2023 в 02:01
Поделиться
Поделиться

19 қаңтар түнгі үште журналист Вадим Борейкоға шабуыл жасалды. Бұл туралы ол өзінің Телеграм арнасында хабарлады.

Борейконың айтуынша, белгісіз біреулер оның пәтерінің есігіне құрылыс желімін жағып кеткен. Үш күдіктінің бұл әрекетін көршілері байқап қойған. Алайда олар қашып үлгерген.

Журналист дереу полицияға жүгініп, арыз жазған. Оның сөзінше, оған қызметіне байланысты қасақана қастандық жасалған болуы мүмкін.

Құрылыс желімінен жанғыш заттың иісі шығады. Меніңше, олар есігімді бұғаттап, кейін өрт қоймақ болған,

деп жазды ол өзінің арнасында.

Полиция шақырған соң Борейко заң бұзушылардың үйінің подъезінің есігін де бүлдіргенін көрген.

Есікке телеграм арнамның атауын жазып кеткен,

дейді журналист.

Ал бұған дейін бір күн бұрын Борейко Телеграм арнасында Ulys Media сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға кибершабуыл жасалғанын жазған болатын.

Ulys Media-ның бас редакторы Самал Ибраева тек маған ватсапқа: «Сайтымды бұзып, менің, балаларымның жеке деректерін, отбасымның суреттін жариялаған. Қазір сайт жұмыс істемейді» деп жазды,

деді Борейко.

Кейінгі кездері журналистерге шабуыл жасаушылар көбейген. Мысалы, осы күнге дейін «El Media» редакциясының ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасалған. Сонымен қатар 14 қаңтарда Алматыда белгісіз біреулер журналист Динара Егеубаеваның көлігінің терезесін шағып, от қойып кеткен.

Біреулер Динара Егеубаеваға «Қаңтар оқиғасы туралы жазған материалдары үшін қастандық жасалды» деп топшыласа, енді біреулер «парламенттік сайлау алдындағы қорқыту және үркіту амалдары» екенін айтады.

Қалай десек те, журналиске кәсіби қызметі үшін қастандық жасау дұрыс емес! Журналистің міндеті ақпарат тарату, беру, жеткізу,

деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.

15 қаңтарда Динара Егеубаеваның көлігін өртеді және «El Media» редакциясына шабуыл жасады деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар 2005, 2006 және 2007 жылғы кәмелетке толмаған азаматтар болып шықты.

Күдіктілердің сөзіне сәйкес, олар екі тапсырысты да белгісіз адамнан интернет арқылы алған. Тапсырыс беруші келіскен ақшаны онлайн төлеген.

Ал журналист Вадим Борейко өзіне, Динара Егеубаева, Самал Ибраева, Гүлжан Ерғалиева, Гүлнр Бажкеноваға жасалған қастандықты бір адам не ұйым ұйымдастыруы мүмкін екенін алға тартып отыр.

Ащы шындықты ашық жазатын журналистерге кім шабуыл жасап жүр?

ТЕГи: Главное
Наргиза Аршидин 19.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?