Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Көлік салығын төлемегендердің есепшоты 26 мамырдан бастап бұғатталады
Экономика

Көлік салығын төлемегендердің есепшоты 26 мамырдан бастап бұғатталады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 23.05.2023
Обновлено 23.05.2023 в 11:05
Поделиться
Поделиться

Көлік салығын төлемегендердің есепшоты 26 мамырдан бастап бұғатталады. Мемлекеттік кірістер департаменті осылай ескерту жасады. Ескертуді елемеген тұрғындардың көлігі тәркіленіп, есепшоты бұғатталады. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды. 

Қостанай облысында 12 мыңнан астам адам борышкерлер тізімінде тұр. Тұрғындардың қордаланған қарызы 190 миллион теңгеге жеткен. 

Қостанай мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, он жылдан бері көлік салығын төлемей жүрген тұрғындар бар. Кейбірінің қордаланған қарызы 5 миллион теңгеден асқан. Жылдар бойы бой жасырып жүрген борышкердің бесеуі 3 тәулікке қамауға алынды.

Салық уақытында төленбеген жағдайда әр кешіккен күнге өсімпұл жазылады. Борышкерлерге берешегі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама отыз күнде орындалмаса салық бұйрығы жолданады. 26 мамырдан бастап берешекті мәжбүрлі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға беріледі,

дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Шынар Мұқанова.

Төрт күннен кейін 12 мың борышкердің тізімі жеке сот орындаушыларға жіберіледі. Өңірлік палата өкілдері бұған дейін мәжбүрлі орындауға жолданған мың екі жүз материалмен жұмыс істеп, 60 миллионнан астам теңге өндірілгенін айтып отыр.

Осыған дейін салық төлемей жүрген он адамның көлік құралы тәркіленді. Олар дереу қарызын өтеді. Кейбір борышкер көлігінен айрылғанда немесе есепшоты бұғатталған кезде ғана салық төлеуге жүгіре бастайды,

дейді өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Әділхан Сүйінбеков.

Қалың қарызды өндіру үшін сот орындаушылар борышкерді шетел асырмауға, көлігін айыппұл тұрағына апаруға құқылы. Банктегі есепшоттарын бұғаттап, басқа да мүлкіне тыйым салады. Тіпті әлгі қарыз көп адамның жүргізуші куәлігіне шейін шектеу қойылып, қамауға алуға қақы бар.

Ал Атырау облысында биылғыны былай қойғанда, былтырғы көлік салығынан жалтарып жүргендер бар. Салыққа салғырт қараған төрт жарым мыңнан астам жүргізуші 244 миллион теңге берешек.

Биыл бес айдағы статистикада да көңіл көншітпейді. 14 мыңға жуық көлік иесі салық төлемеген. Олардың борышы 500 млн теңгеге жетіп жығылады.

Бір ескеретін жайт сот орындаушылары көлік иесінен салыққа берешегімен бірге сол соманың 25 пайызы көлемінде қосымша ақы өндіріп алады. Сондықтан мамандар өсімпұлсыз уақытылы төлеуге кеңес береді. Айтуларынша, міндетті төлемнен қашқандар қатарында қозғалтқыш көлемі үлкен, қымбат көліктер де баршылық.

Анара Бауыржанқызы 23.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамЭкономика

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

04.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
ҚоғамЭкономика

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

28.05.2024
Экономика

Жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салатын заң кері қайтарылды

23.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?