14 адам қаза тапқан апаттан соң Президент Абай облысына барып, өртенген орманды тікұшақпен барлап қайтты. Ал «Семей орманы» директорының міндетін атқарушы өрттің өршуіне техника, мамандарға арнайы киімнің тапшылығын айтты.
Белгілі болғандай, соңғы 8 жылда жағдай жасауға 5,3 миллиардтан астам қаражат бөлінген.
Бірақ…
«Семей орманында» жағдай мүшкіл. Техника мен арнайы киім жетіспейді.
Өзім осы міндетті алғаныма бір ай ғана уақыт болды. Бізде бәрі шынын айтқанда, ескі машиналар. Көбі 1970-1980, 1990 жылғы машиналар, арнайы киімді 3-5 жылда алып тұрады. Түскен киімдерді береді. Аяқкиімдерді алған жоқпыз,
дейді «Семей орманы» табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі бас директорының міндетін атқарушы Мұрат Зарлықұлы.