Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > ҰҚК: құмар ойындар бізді де айналып өтпеді
Қоғам

ҰҚК: құмар ойындар бізді де айналып өтпеді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.05.2023
Обновлено 15.05.2023 в 03:05
Поделиться
Поделиться

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаевқа курсанттар мен комитет қызметкерлері арасындағы құмар ойындарға қатысты мәселе туралы сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Магеррам Магеррамов бұл келеңсіздік форма киген адамдарды да айналып өтпегенін айтып, жақында Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсағанын еске алды.

Жігіттің отбасына көңіл айтамыз. ҰҚК академиясына оқуға түсу кезінде үміткерлер психологиялық тестілеуден өтіп, полиграфтан өтеді. Осыған байланысты курсанттардың құмар ойындарға деген тәуелділігі қадағаланып жатыр ма және одан қалай сақтануға болады? Мұндай жағдайлар болашақта тағы қайталанбауы үшін қандай жұмыстар істеліп жатыр?

деп сұрады депутат ҰҚК төрағасының орынбасарына.

Марат Қалқабаев полиция тергеп жатқан курсанттың өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іспен қатар ҰҚК өзінің қызметтік тергеуін де жүргізгенін айтты.

Ұлттық қауіпсіздік органдарына кіре берісте үміткерлер өтірік детекторында жан-жақты, оның ішінде психологиялық тексеруден өтетінін өзіңіз де атап өттіңіз. Алдағы уақытта академияның қызметкерлері, студенттері бақыланатын болады. Бізде қауіпсіздік бөлімде психологиялық қызмет пен жеке құрам бар. Мұның барлығы қазір сарапталып, елеулі түзетулер енгізілді. Мұның барлығы, өзіңіз айтқандай, құмар ойынының салдары. Ол да бізге келді. Бұл комитеттің, академияның тарихындағы алғашқы жағдай. Лудомания — құмар ойынға деген тәуелділік бірден пайда болмайды. Бірте-бірте пайда болатыны айтылады. Ең бастысы — адамның құмар ойынға кіріскен сәтін дер кезінде анықтау. Міне, біздің басты мәселеміз. Ол үшін қажетті шараларды қабылдадық,

деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Бұған жауап ретінде депутат Руслан Берденов арнайы қызметтің болашақ және қазіргі қызметкерлерінің қатарында мұндай жағдайлар толғымен тоқтатылатынына қарсылық білдірді.

Бұл бір ғана жағдай емес. Бұл жағдайға қатысты кішігірім есеп жасап қана қоймай, үлкен жұмыс істесеңіздер дұрыс болады. Себебі бұл әскери орындардағы өте үлкен проблема. Мен күніге әртүрлі хат алып тұрамын. Депутаттар ретінде адамдармен бөлек кездесіп жүрміз. Бұл өте күрделі проблема. Осыны аңғарып, өздеріңіз үшін дұрыс баға қойыңыздар,

деді депутат Берденов Мәжіліс отырысында.

ҰҚК төрағасы орынбасарының айтуынша, олар бұл мәселеден хабардар және шара қолданып жатыр.

«Бәрін түсініп отырмыз, бәрін біліп отырмыз. Қолдан келген шараның бәрін істейміз. Проблеманы білеміз. Шұғыл және жауапты шешімдер қабылдаймыз», — дейді ҰҚК өкілі Мәжілісте.

Мәжілістегі әріптесіне депутат Айгүл Құспан да жауап берді.

«Біз бұл мәселені де зерттедік. Бұл ұлттық қауіпсіздік жүйесінде бірінші рет болып отыр. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар әскерде және Ұлттық ұланда бұрын да болған», — деді ол.

Анара Бауыржанқызы 15.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?