Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Көмір алуға 50 мың теңгеден беріліп жатыр
Қоғам

Көмір алуға 50 мың теңгеден беріліп жатыр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 17.11.2022
Обновлено 17.11.2022 в 04:11
Поделиться
Поделиться

Астанада табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтін төрт санаттағы азаматтарға көмір алу үшін 50 мың теңгеден беріліп жатыр. Көмекті алу үшін қалалық жұмыспен қамту басқармасына хабарласу қажет. Іс-шара келесі жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. 

Астананың 40-станция аймағындағы темір жол тұйығы қаладағы көмір сататын ең үлкен орындардың бірі. Мұнда жылдағыдай ұзын-сонар кезек пен дүрбелең жоқ. Себебі, көмір жеткілікті, дейді мамандар.

«Біз тамыздан бастап сатып жатырмыз, соның әсерінен қазір даурығу жоқ. Көп халық алды», –  дейді көмір сататын орынның қойма меңгерушісі Алтынбек Есжанов. 

Қойма меңгерушісінің айтуынша, вагондар кемі екі күн сайын келіп жатыр. Бірақ, сатып алушылар Шұбаркөл көмірінің аз екенін айтады. 

Қазір неміс пешін жағады, Шұбаркөл ғана керек. Нашар кеп жатыр. Мына бізде Абай мен Жұбанов көшесінде сатылады. Бірақ оған мүлдем келмейді,

дейді көмір сатып алушы Нәсіпбек Мұстафин. 

Телеарнаның хабарлауынша, 40-станция тұйығына бүгін ғана жеткізілген 300 тонна көмір міне, 1 сағатта сатылып кетті. Ал, негізі қазақстандықтар жылына 10 млн тонна көмір тұтынады. Соның ішінде Шұбаркөлге сұраныс көп. Бірақ Шұбаркөлде жылына 3 жарым млн тонна шығарылады. Сондықтан кейде көмір жетпей жатады.

Теміржол тұйықтарында Шұбаркөл көмірінің бағасы – 13 850 теңге. Жібек Жолы, Талапкер, Қосшы, Қоянды және Аршалыға жеткенше тасымалдау құны қосылып, қымбаттайды.

Жеткізу ғой бізде. Қаланың сырты болса 20-25 мың, алыстаған сайын қымбатырақ болады. Қосшы, Қояндыға қаншаға апарасыз осы жерден? Мен Жібек жолына апарам, арғы жағы 25 бергі жағы 20 мыңға,

дейді тасымалдаушы Бағдат Мамыраев. 

Өндіріс ошақтарында да былтырғы баға сақталған. Тек вагонмен тасымалдау бағасы 6 пайызға өскен. Ал, жауапты министрлік өкілдері Қазақстанда көмір көрші елдермен салыстырғанда ең арзан, –  дейді.

Ресей мемлекетінде көмірдің өзі бізде мысалы 15-20 мың болса, Ресейдің өзінде 50 мың теңгеден жетіп жатыр, Қырғызстанда 30 мың теңге. Дәл осы көмір Еуропа елдерінде қазір 10 есе көп. Жалпы баға жөнінде бізде жеткілікті,

дейді ҚР ИИДМ Республиканы көмірмен қамтамасыз ету штабының басшысы Тұрар Жалмағамбетов. 

Елімізде көмір сатылатын 300-ге жуық теміржол тұйығы бар. Соларға қазірдің өзінде халыққа қажетті отынның 50 пайызы жеткізілген. Бұл соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіш, –  дейді жауаптылар. Өйткені, биыл жылыту маусымына дайындық көктемде басталған. Сондай-ақ, 8 облыста көмірге онлайн тапсырыс беру жүйесі іске қосылған.

Анара Бауыржанқызы 17.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?