Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш офицері қамауға алынды. Оның ішінде ҚР ҰҚК 5-басқармасының бастығы, Ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Еркін Аманов түрмедегі тұтқындарды азаптады деп айыпталды.
2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер Е.И.Аманов, Х.С.Абдуғали, К.Б.Сартаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді,
делінген хабарламада.
Бұған дейін ҰҚК қызметкерлеріне шағымдарды тұтқындардың туыстары жібергені хабарланған болатын. Олар бірнеше ай бойы жақындары «қажет» айғақтар алу үшін азапталды деп мәлімдеді.