Көпбалалы десе көпшлік көз алдына бейшара адамды елестетеді

Өзгенің жұмыс цехын паналған көпбалалы жанұя жаңа жыл қарсаңында күтпеген тосын сыйға тап болды. Астаналық кәсіпкер бес баласы бар отбасыға 190 шаршы метрлік зәулім үйді тегін бере салды. Жаңадан салынған зәулім үйдің іші толықтай жиһаздармен қамтылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Ең қызығы жаңа қожайын мен оның әйелі де әлгі үйдің жөндеу жұмыстарына кезінде ат салысқан. Өзге де құрылысшылармен бірге келіп, жұмыс істеген ерлі-зайыпты болашақта әлгі үйдің өздеріне берілетінін білмеген. Кәсіпкер Ақмола облысының Аршалы ауданында шағын қалашық тұрғызып жатыр. Бұл оның осы аудан орталығында көп балалы жанұяларға тегін тарту еткен төртінші үйі.    

Ең басты талап көпбалалы, бақытты отбасы болуы керек. Қандай қиындықтар болса да, ажыраспаған, махабаттарына берік, бір-біріне сүйеніш болған, жыртығын жамап, балаларын сабаққа жіберіп отырған ата-аналардың алып жатқан баспанасы. Тегін. Әрине тегін десе көптеген адамдар неше түрлі әңгіме айтуы мүмкін. Бірақ бұл отбасылардың отағалары үйлерінде құры жатпайды, таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Ал тапқан табыстары үй алуға жетпей жатыр ғой. Оған олар кінәлі емес. Олар бір кісідей жұмыс істеп жатыр. Жатып ішер, жалқау деген әңгіменің бәрін қою керек. Ал отағасы жұмыс істемейтін болса онда бұндай жанұялар біздің талаптан өтпейді,

Астаналық тұрғын «Бақытты отбасы» атты қайырымдылық жобасын бастаған. Мақсаты — үлгілі, қандай қиындық келсе де жанұясын сақтаған, балаларын білімге, өнерге баулыған ерлі-зайыптыларды тауып, баспанамен қамту. Жоба авторларының сөзінше, көп бала туған отбасын аянышты, кедей, мәдениетсіз, өмірден қалыс қалған қылып көрсету қазір белең алған. Көпбалалы дегенді естіген адамның ойына бірден негативті ой қалыптасады,  бұл қоғамның дерті деп санайды қайырымды іске бастамашыл болған топ.

Қазіргі уақытта көпбалалы десе көпшлік көз алдына бейшара адамды елестетеді.

Қазір «бақытты отбасы» идеологиясын жермен жексен еттік. Қазақстанда қайырымдылық қорлары көп. Олардың көбі балалардың көз жасын көрсетіп, жылатып барып елден ақша, басшылықтан баспана сұрап жатады. Бірақ ол біздің ұлттық санамызға кері әсерін тигізіп жатыр. Осындай аянышты жағдайларды көріп өскен балаларда: «біздің елде армандар орындалмайды, ол үшін тек жылап-сықтау керек» деген ой қалыптасады. Елімізде ұлтымыздың рухын көтеретін бірегей жобалар болуы керек қой. Сондықтан бұл біздің кішкентай болса да ұлттық идеологияға қосып жатқан үлесіміз,

Әрқайсысы 190 шаршы метрлік зәулім үйлер Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан. Бүгін су жаңа баспананың кілтін алған отағасы Астанада бес баласымен бірге құрылыс заттарын шығаратын цехта тұрып келген. Оңтүстік өңірден суық жаққа барса да, қиындықтарға қарамастан тұрақты еңбек етіп жүрген жастар. «Бақытты жанұя» атты шағын қалашықтағы тағы бір үй осы жазда берілген еді. Әрбір жанұяда 8-9 баладан тұрып жатыр. «Бақытты отбасы» деп танылған жанұяларды кәсіпкер  Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарынан көшіріп әкеліп, орналастырған.

Көпбалалы деген ұғым адам ұялатын отбасы емес. Қандай да бір қорлардан немесе әкімдіктен барып үй сұраған кезде мұқтажбын, сорлымын деп жылап жатады. Елімізде мемлекеттік «Бақытты отбасы» атты тұрғын үй бағдарламасы бар. Көпбалалы, толық емес, ажырасқан отбасыларға беріледі. Осы бағдарламамен үй аламыз деп қаншама отбасы әдейі ажырасып жатыр. Ол ұрпаққа, біздің сүйегімізге таңба.

деді кәсіпкер Көңілбай Шүкенов.

Іші толықтай жаңа жиһаз, тұрмыстық техникалармен қамтылған кең үйдің кішкентай қожайындары, тіптен олардың анасы да бұл жаңалықты әлі білмейді. Жаңа жылдық заттармен көмкерілген зәулім үйге балаларды бүгін кешке қараңғы түсе әкелмек. Ертегі әлеміндей көмкерілген баспананың кілтін кәсіпкер оларға отшашу арқылы және баталы мол дастарханмен табыстамақ.

Қазақтар өмірге несие төлеу үшін келген жоқ. Өмірінің жастық шағын банктерге несие төлеумен өткізу — барып тұрған қорлық,

деді жоба авторы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago