Categories: Экономика

2023 жылы қант тапшылығы қайталана ма

2022 жыл азық-түліктің соңғы жылдары болмаған деңгейде қымбаттауымен есте қалды. Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 41 пайызы азық-түлік өнімдері бағасының бұрын-соңды болмаған өсімін атаған. Бұл жағдайда билік жаңа жыл қарсаңында бағалар өспейді деп уәде еткен еді. Уәделері тек осы мерекемен аяқталмай, келесі жылы да сақталып қалар деген сенім білдіреміз.

Биыл елде қант бағасы ерекше шарықтады. Тіпті кей уақыттары дүкен сөрелерінен жоғалып кетті. Тапшылыққа не себеп болғаны, 2023 жылы оның қаншалықты қайталануы мүмкін екенін анықтап көрейік.

2022 жылы қант қызылшасының егіс көлемі 11,6 мың гектарды құраған, яғни былтыр егістік көлемі 20 пайыз азайып кеткен.

Өзімізде еккеннен бөлек қант қызылшасын шетелден де импорттайтынымыз анық. 2022 жылдың 10 айында қант қызылшасының импорты 21,4 тоннаны құрады. Оның ішінде Германиядан 12,1 тонна импортталса, Турциядан – 3,0 тонна, Франциядан – 4,4 тонна, Ресейден – 1,0 тонна, Италиядан 0,1 тонна импортталған.

Ал өзімізде шыққан қызылша шетелге мүлде сатылмайды.

Қант қызылшасынан бөлек Қазақстан дайын қантты да шетелден сатып алады. 2022 жылдың 10 айында қанттың импорты 204,2 мың тоннаны құрады.

Қант импорты негізінен Ресейден – 87,1 мың тонна, Үндістаннан – 60,2 мың тонна, Әзірбайжаннан – 12,4 мың тонна, Белоруссиядан – 11,9 мың тонна, Араб мемлекетінен – 7,4 мың тонна, Қытайдан – 7,2 мың тонна, Тайландтан – 6,9 мың тонна, Вьетнамнан – 5,2 мың тонна, Қырғызстаннан – 2,7 мың тонна, Сауд Арабиясынан – 1,0 тонна және басқа мемлекеттерден 2,2 мың тонна көлемінде қант импортталды.

2023 жылы отандық қант зауыттары 450 мың тоннаға жуық қант өндіруді жоспарлауда, оның ішінде 50-55 мың тоннасы қант қызылшасынан, қалғаны 400 мың тонна көлемінде шикі құрақ қантын үшінші елдерден тасымалдау арқылы өңдеуді көздейді.

2022 жылдың 10 айында 243,8 мын тонна қант құрағы импортталды. Оның ішінде Бразилиядан 230,6 мың тонна импортталса, Мексикадан – 12,9 мың тонна, Пакистаннан – 153,5 тонна, Ресейден – 145,8 тонна, Корей Республикасынан – 1,2 тонна импортталды.

Дайын қант, негізінен, Ресей Федерациясынан тасымалданатын болады деп болжануда.

Еуразиялық экономикалық Комиссия тарапынан 2023 жылға қантты үшінші елдерден баж салықсыз импорттауға келісім берілген жағдайда 50 мың тоннадай қант үшінші елдерден тасымалдануы мүмкін.

Қазіргі таңда қолданыстағы қант қызылшасын өңдейтін қант зауыттарының тәуліктік өндірістік қуаттылығы 8,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде Мерке қант зауытының қуаттылығы 3,0 мың тоннаны құраса, Көксу қант зауыты бойынша ол көрсеткіш 2,2 мың тоннаны, Ақсу қант зауыты бойынша 3,5 мың тоннаны құрап отыр.

Келесі жылы Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылы қант қызылшасын 18,3 мың гектарға егу жоспарланған. Яғни, егістік 37 пайызға көбеймек.

Оның ішінде Алматы облысы бойынша 0,2 мың гектарға орналастыру межеленсе, Жамбыл облысында – 10,0 мың гектарға, Жетісу облысында – 8,1 мың гектарға орналастыру жоспарлануда.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago