Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Көпірден секірмек болып, әлеуметтік эксперимент жүргізген журналистің оқиғасы
Қоғам

Көпірден секірмек болып, әлеуметтік эксперимент жүргізген журналистің оқиғасы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 31.05.2023
Обновлено 31.05.2023 в 02:05
Поделиться
Сурет: Massaget.kz
Поделиться

«Астана» телеарнасының Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет етіп жүрген Базаргүл Ізімова көпірден секірмек болып, әлеуметтік эксперимент жасаған уақытында өзіне көмекке ұмтылған атыраулықтарға алғысын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Базаргүл Ізімованың сөзінше, ол редакциядан тапсырма берілген соң, суицид мәселесін көтергісі келген.

Жыл басынан бері Атырауда 16 адам көпірден секірмек болған екен. Әдетте, мұндай оқиғалар орталық көпірде көп тіркеліп жатады. Әлеуметтік эксперимент жүргізерден бір күн бұрын операторым Нұрбол Мұғалім көпірді қарап, жасырын камера орналастыратын жерді ыңғайлап кетті,

дейді журналист дайындық барысын сипаттап.

Айтуынша, эксперимент кезінде байқамаған кейіп танытып, жөнімен кеткендерден гөрі, көмекке ұмтылғандар көп болған. Араларында жастар да, орта жастағылар да, тіпті, әжелер де болды, дейді ол.

Тіпті, бір әйел адам көлігін көпір аузына қойып, маған жеткенше алқына жүгірген. «Не жағдай? Қарызың көбейіп кетті ме? Кредит пе, бәрін төлеп беремін» деп бәйек болған келіншек көпке дейін мені құшақтап, қасымнан кеткісі келмеді. Енді бір әйел адам сол күнін менімен өткізуге дайын болды. «Екеуміз шәй ішейік, әңгімелесейік» деп, жанымнан кетпеді. Отбасымның, балаларымның бар-жоғын сұрап, әңгімемен ойымды бөлмек болғандар да болды,

дейді журналист Базаргүл Ізімова.

Тіпті, бұл әлеуметтік эксперимент екенін айтса да, жанынан кетпей, құшақтап тұрғандар көп болған екен. Бірнеше мәрте патрульдік полициялар келіп, оны құтқаруға ұмтылған.

Өкінішке қарай, суицид жас таңдамайды. Түрлі қиындыққа түсіп қалғандардың шешімді көпірден секіруден іздейтіні өкінішті,

дейді журналист.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары соның ішінде көпірден секіруге көп жағдайда мектеп жасындағы жасөспірімдер, студенттер, орта жастағы келіншектер ұмтылады.

Жастар жағы достарымен, отбасымен келіспеушілікке бола, көпірден секіріп жатады. Кейде сүйіктісімен ажырасуды көтере алмай жататындары да бар,

дейді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Өткен жылы Атырауда 11 адам көпірден секіруге ұмтылған. Биыл осындай 16 жағдай тіркелген. Өкінішке қарай, жақында мектеп жасындағы оқушы көпірден секіріп қаза тапты.

Анара Бауыржанқызы 31.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?