Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Базардағы ет неге өтпей қалды?
Экономика

Базардағы ет неге өтпей қалды?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 29.11.2023
Обновлено 29.11.2023 в 03:11
Поделиться
Фото: Астана телеарнасы
Поделиться

Астанада еттің бағасы түсті. Бір апта бұрын базардағы сиыр етінің келісі бірден 400 теңгеге арзандаған. Қазір келісі 2 500 теңгеден саудаланып жатыр.

Бұған не себеп? Қала халқы шетінен соғым сойып алды ма? Базардағы ет неге өтпей қалды? Астана телеарнасы жауап іздеді.

Айғаным Мұқашева 15 жылдан бері орталық базарда ет сатады. Таласып тармасып алатындар түгілі бағасын сұрайтындардың өзі сиреген. «Бұрын-сонды мұндай болмайтын. Қымбатшылық ет бөліміне келетіндердің қатарын азайтып жіберді, — дейді ол.

Біздің жағдайымыз нөл болып қалды. Етіміз өтіп жатқан жоқ. Осыдан бір апта бұрын ет 2900 теңге еді. Қазір 2500-ге түсірдік. Сонда да етіміз өтіп жатқан жоқ. Халықтың жағдайы жоқ па әлде оптом жартылай алып жатырма, білмеймін,

Айғаным Мұқашева, сатушы.

Биылғы қыс әлі түспеді. Кей өңірде мал жайылымда жүр. Ет бағасының сәл де болса төмендеуіне жем-шөптің үнемделуі сеп болды,

 дейді ет дүкенінің жетекшісі Бекзат Қонысбек.

Бұрынғыдай көп алмайды соғымды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда әжептәуір төмендеп қалды. Алдыңғы жылы бір отбасы 1 мал даже 1,5 мал алатындай шамада болатын. Қазір енді көбісі жарты туша солай алады. Оған себеп — еттің қымбаттауы.

Сонымен, Астанада сүйексіз сиыр етінің келісі 3700 теңгеге дейін барады. Жылқы еті – 4 мың, қой еті — 3400 деп сөрелерге қойылған. Ал жылқы мен қойды тұтас сойып алса, келісі — 2800-ден, сиыр еті 2500-ден келеді. Яғни, соғым алу әлдеқайда үнемді. Бірақ бірден 200-250 келі ірі-қараны сатып алайын десе, екінің бірінің қалтасы көтермейді.

  • Малды сойып алуға қазір халықтың жағдайы келіп жатыр ма?
  • Қымбатшылық қой қазір. Ал біз ауылда сойғанның өзінде де 3-4 үй бөліп аламыз. Бір адамға ауыр.
  • Қазір соғым алмайды ғой көпшілігі. Сатып алатын ақшасы жоқ көбісінің. Ауылдан барып алсаң арзанырақ. Мында қымбат шығар.
  • Соғым алу үшін қаншама ақша керек. Аз-аздап жейміз. Бәрін үнемдеуге тура келеді.
  • Мен өзім Шығыс Қазақстаннан әкелемін. Мына жерден мал алмаймын. Килограммдап алу деген өте тиімсіз нәрсе. Ақшаға келгенде жетпейтіндерге өте қиын, дейді халық.

Адал астың қамы үшін ауыл-аймаққа арнайы барып, соғым соятындарды да жолықтырдық. Дегенмен, халықтың басым бөлігі там-тұмдап екі күнде бір келілеп ет алғанды жөн көреді. Жөн көреді дейміз-ау. Мәжбүр.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Сая Манарбековна 29.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?