Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > Көптен бері көрінбей кеткен Таркан алматылықтарды жалынды әндеріне билетті
Атақ және ақша

Көптен бері көрінбей кеткен Таркан алматылықтарды жалынды әндеріне билетті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 20.11.2023
Обновлено 20.11.2023 в 12:11
Поделиться
Поделиться

Түркияның «поп-ханзадасы», The World Music Awards иегері атанған жалғыз түрік әншісі Таркан өткен жұмада Алматыда концерт беріп, хит әндерімен тыңдармандарын қуантты. Әлемге түрік музыкасын ашқан 2000 жылдардың хит әншісін сағынған қазақстандықтар көп болды. Оған себеп те жоқ емес – Таркан Қазақстанда соңғы рет 10 жыл бұрын – елорданың туған күнінде концерт қойған.

Міне, 10 жылдан кейін SoldOut Concerts ұйымдастыруымен Almaty Arena-да түрік жұлдызы үздік хиттерін орындады. Кеш бойы лық толы стадион әншінің әндерін қосыла шырқап, армансыз биледі.

Әнші өз шоуын Yolla әнімен ашты. Бұл оның 2017 жылы шыққан «10» альбомына кірген үздік әндерінің бірі. Келесі хит – Bu Gece-ні бүкіл стадион қосыла шырқап, романтикалық атмосфераға бөленді. Жарқын композицияларды Ölürüm sana әсерлі әні жалғады. Сенім мен шексіз махаббат туралы әнде Таркан гитаристпен билеп, залмен сөйлесіп үлгерді.

Қазақстандықтар өте жақсы көретін жауапсыз махаббат туралы 2003 жылдың хиті – Dudu әнінде залда әртіспен бірге ән шырқап, билемеген адам қалмады. Бұған дейін осы әнге тек көңілді кештерде тыңдап жүрген жұрт хит орындаушымен бірге орындаудан ләззат алғаны сөзсіз.

Тарканның өзі залдың әр бұрышына барып, әр жерде отырған көрермендерге көңіл бөлуге тырысты. 51 жастағы әртіс өзін ширақ ұстады, өзіне ғана тән билерін де билеуді ұмытпады. Жалпы айтқанда, жиналған дүйім жұрттың көңілінен шыға білді.

Бұдан кейін екі ғашықтың қоштасуы туралы Sevdanın Son Vuruşu, жалынды Vay anam vay, Beni Cok Sev және Yap Bi Güzellik әндерін орындады. Гитаристің соло орындауымен әнші сәл үзіліс алып, жылтыр бомберін күміс жапсырмалармен өрнектелген қара жейдеге ауыстырды. Залды 2001 жылғы хит – Kuzu Kuzu әніне билетіп, Kiss Kiss және Hepsi senin mi хиттерімен қуантты.

Биік экрандағы жарық эффектілері әр әнді сүйемелдеп, көрерменді әннің көңіл күйіне түсіп отыруға көмектесті. Әрі әншінің келбеті залға жиналғандардың бәріне көрінетіндей, толық бейнеледі.

Әншінің соңғы хиттерінің бірі — Öp әнін орындағаннан кейін Таркан көрермендермен қоштасып сахна артына кетіп қалған болатын. Алайда концертке тоймаған жұрт шапалақ ұрып орындаушыны қайта сахнаға шығарып алды. Бұдан кейін Aşk Gitti Bizden хитін орындап, алматылықтарға жақсы тілектерін айтып, келесі кездескенше деп қош айтысты.  

Анара Бауыржанқызы 20.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

СпортАтақ және ақша

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Атақ және ақша

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

21.05.2024
Атақ және ақша

Танымал продюсердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17.04.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?