Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы басшылыққа қатысты тергеу ісін аяқтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰҚК бұрынғы басшылығы құрамындағы Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинға, Марат Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М.Акиповке, Н.К. Бекмұратқа қатысты қылмыстық істі тергеп бітірді.

Бұл тұлғаларға мынадай айып тағылды:

Кәрім Мәсімовтің және Әнуар Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы, 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Дәулет Ерғожин ҚК 179-бабы, 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Марат Өсіпов ҚК 362-бабы, 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану);

Д.М. Акипов және Н.К.Бекмұрат ҚК 362-бабы, 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.

Қазір күдіктілерге іс материалдары таныстырылып жатыр. 

Іс материалдарымен танысу кезеңінде Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі осы жылғы 6 қазанға дейін, Дәулет Ерғожинның қамауда ұстау мерзімі осы жылғы 13 қазанға дейін және Марат Өсіповтің қамауда ұстау мерзімі осы жылғы 22 қазанға дейін ұзартылды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago