Мәжіліс кулуарында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ісіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Бас прокуратура өкілі бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатқанын айтты.
Оған құпиялық белгісі қойылды, яғни материалдар таратылмайды. Ол істерге қол жеткізе алатын бірнеше прокурор бар,
деді Әсет Шындалиев.
Бас прокурордың орынбасары бұл іске қатысты күдіктілердің барлығы қамауда екенін айтып өтті.
Ешкім ешқайда кетпеді, жасырынбады. Іс аяқталды, іс материалдарымен танысу басталды. Іспен танысу үшін біз ешқандай процессуалдық шектеу қойған жоқпыз,
деді ол.
25 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталған еді.