Әбдірашид Жүкенов кей істің алқабилер қарауына жатпайтынын атап өтті.
ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов Мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында Кәрім Мәсімов пен оның ісі бойынша басқа да айыпталушылар істің алқабилер сотында қаралуынан үміт ете ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әбдірашид Жүкеновтың айтуынша, алқабилер қарауына жатпайтын істер қатарында мемлекеттік төңкеріс жасау ісі де бар.
Жоқ, бұл мүмкін емес. Кей істер алқабилер қарауына жатпайды,
деді Жүкенов.
Сондай-ақ ол құпия істерді жария ету үшін қанша уақыт қажет деген сауалға жауап берді.
Қандай жағдайда да, Парламент шешеді. Бұл заңмен реттелуі керек. Заң бойынша жұмыс істейміз, заң өзгерсе, негіз де болады. Ондай істер құпия және құпия болып қала береді. Меніңше, қандай да бір ақпарат беріледі. Өйткені мемлекет қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек. Кез келген мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қорғау деген бар. Ал мемлекет кейбір ақпаратты құпиялауға құқылы,
деп түйіндеді сөзін Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының басшысы.
6 қаңтарда ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Бұған дейін Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК экс-басшысының 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…