Көріпкелге әлі де сенесіз бе? Алтынынан айырылған қыз

Алматыда «көріпкел» әйел қызды алдап, алтынын ұрлап кеткен.

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 34 жастағы М.есімді азамташаны ұстау кезінде төрт алтын сақина тәркіленді.

Жәбірленушінің айтуынша, көшеде белгісіз әйел оған жақындап, оның бойында өте ауыр дуа бар екенін айтып, әкесі ауырып қалатынына сендірген. Сондықтан дереу арнайы рәсім жасау арқылы дуаны алып тастау керектігін айтқан. Қыз ойланбастан үйіне барып, бар алтын бұйымдарын жинап, бейтаныс әйелге береді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті қамауға алынды. Алтын бұйымдар айғақты зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Келтірілген шығын көлемі шамамен 250 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта тергеушілер айғақтарды анықтап, ұсталған азаматшаның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Күдіктінің бұған дейін осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін соттылығы болған екен.

Ал тәртіп сақшылары ұсталған азаматшаның суретін мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-775-106-18-84.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago