Көшедегі қайыршы лотереядан миллион еуро ұтып алды

Ол төрт жыл бойы қайыр сұрап келген, деп хабарлайды Euronews.

Мерседес Испанияның Аликанте қаласындағы Ла-Флорида  аймағында төрт жыл бойы қайыр сұрап келген. Ол күнде таңғы тоғызда Estanco-54 лотерея дүкеніне қарама-қарсы супермаркетке келіп, түскі сағат 2-ге дейін отырады.

Неліктен екіге дейін? Осы уақыт аралығында ол бір еуро жинап үлгереді. Ал Estanco 54 дүкеніне жергілікті Bonoloto лотереясының жаңа билеттері жеткізіледі. Мерседес жиналған 1 еуроға билет сатып алады. Ол осы әрекетін төрт жыл бойы қайталап келіпті. Ал 2 тамыз күні жолы болып, 1,2 миллион еуро ұтқаны белгілі болады.

Кенеттен басына бақ қонған Мерседес аталмыш дүкеннің бастығы Мари-Ангелес Торрегроса келіп: «Сіз менің өмірімді жеңілдеттіңіз», — депті.

Бір күн бұрын, кешкісін сеньора Торрегросаға лотерея нөмірлерінің ұтысы өтетін студиядан қоңырау шалып, ол сатқан билеттерінің бірі миллион еуродан астам ұтқанын хабарлаған.

«Біз бәріміз қуандық, бірақ біздің клиенттеріміздің қайсысы жеңетінін білмедік. Бұл Мерседес екені менің ойыма да келмеді»,- деді Мари-Анджелес Торрегроса.

Сейсенбі күні Мерседес теледидарда көрсетілген нөмерлерін тексеріп көрмек болып лотерея дүкеніне келеді. Сандар сәйкес түсіп, оның билеті 1,2 миллион еуро ұтқаны расталды.

Жаңалықты ести сала, әйелдің көзіне жас келіпті. Қуанышында шек жоқ Мерседес осындай қомақты соманы ұтып алатынына ешқашан сенбегенін айтты.

Мерседестің өмірі сынаққа толы: «5 жыл бұрын қиын жағдайға тап болған. Ақшасыз қалған әйелге барлығы көмек қолын созып келді. Ол өте мейірімді жан, барлығы оны жақсы көреді. Дүкеннің алдында қайыр сұрағанда, жолаушылар бір үзім нан, немесе сүт беріп кететін»,- дейді лотерея дүкенінің иесі.

Бес баланың анасы Мерседес жұмысшылар тұратын ауданда қарапайым үйде тұрады. Ол оқи да, жаза да алмайды. Енді таныстарының барлығы ақшаны қалай және қайда жұмсау керектігін айтып кеңес беріп жатыр. Ал ол әлі де дүкеннің алдына келуін доғарған жоқ.  Ұтқан ақшасына бар болғаны 5 еуроға аяқ киім сатып алыпты.

Испанияның Аликанте қаласындағы лотерея дүкені ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан отбасылық кәсіп көзі. Мерседестің ұтысы жергілікті тұрғындардың сенімін арттырса керек. Бұрын соңды осы дүкенде болмаған джекпоттан кейін, Bonoloto билетін алушылар саны артты дейді дүкен иесі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago