Президент байларға мешіт орнына мектеп сал десе мектеп тапшылығы болмас еді

Жақында әлеуметтік желілерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің қажеттілігі туралы пікірталас басталды. Көпшілік НЗМ-нің 74 млрд теңге бюджетіне наразы болып, оның орнына Қазақстан бойынша мектептер салынып, барлық оқушыға жағдай жасалуы керек деген пікір айтылды.

Қоғам белсендісі Азиза Шужеева НЗМ-ді жабу мәселені шешпейді деген пікірде. Мәселенің түп төркіні НЗМ-де емес, елдегі сыбайлас жемқорлық пен үкіметтің болжамсыздығынан. Өз ойын қоғам белсендісі Facebook парақшасында жариялады.

НЗМ бізге керек

Азиза Шужееваның пікірінше, НЗМ сияқты мектептер елге кәсіби кадрлар дайындауға көмектеседі. 90-жылдары елде әлеуметтік және экономикалық дағдарыс болып жатқанда ғылымға ұмтылған балалар үшін жалғыз әлеуметтік лифт РФММ мен ҚТЛ мектептері болды. Олар жеке қаржыландырылды, интернаттары, тегін мектеп асханасы болды және нарық бойынша орташа деңгейден көбірек жалақы алған үздік мұғалімдерден өзге, мұнда бала тәрбиесімен айналысқан тәлімгерлер де жұмыс істеді. Осы жүйенің арқасында еліміз бүгінде экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін, көпшілігі ғылымға бет бұрған, қазақстандық жоғары оқу орындары мен мектептерде жұмыс істейтін, бизнес пен жұмыс орындарын ашатын жақсы мамандар шығарды.

Сондай-ақ Азиза заманауи НЗМ мектептерінде байлардың немесе шенеуніктердің балалары оқиды деген пікір жансақ екенін айтты. НЗМ-ге түсу жүйесі өте қатаң, емтихан тапсырардан бұрын балалар 2 жыл бойы дайындалады. Бүгінде НЗМ-де көп балалы отбасылардан шыққан, бір ғана ата-ана тәрбиелеп жатқан балалар оқиды. Жағдайы төмен отбасылардың балалары интернатында тұра алады.

Соңғы жылдары НЗМ мен БИЛ ғылымды терең оқығысы келетін балалар үшін жалғыз әлеуметтік лифт болып отыр. Бұл — ертең университеттерге, мектептер мен кәсіпорындарға жұмыс істеуге келетін қазақстандықтардың жаңа буыны,

деп сенеді Шужеева.
Азиза Шужеева. Сурет: Nur.kz

Демографтарды ешкім тыңдамады

Дегенмен, қоғам белсендісі тек НЗМ мен БИЛ-ді ғана емес, Қазақстан бойынша барлық мектепті көтеру керек деген пікірде, әсіресе ауылдық жерлердегі бала саны аз мектептерді.

Қазақстанда үш ауысымдық мектептердің болуы — бұл НЗМ-нің қымбаттығында емес, бұл шенеуніктердің божамсыздығында

Шужееваның пікірінше, демографтар мемлекеттік бюджеттің барлық ресурсын білім беру жүйесіне құю керек деп дабыл қағып жүргеніне 5-10 жыл болды. Олар ертеден жаңа мектептер соғып, МЖК-ды қаржыландырып, балабақшалар ашу керек деп қақсады. Алайда олардың сөзін ешкім елемеді, мемлекеттік бюджетті түрлі прожекторлық жобаларға құйып келді.

Осыдан кейін Шужеева мемлекеттік бюджетті қалай қысқартуға болатынына бірнеше мысал келтірді.

61 млрд теңгеге Ақмола облысында шаңғы трамплинін салмақшы. Бұл ақшаға ел бойынша НЗМ мектептерін екі есе көбейтуге болар еді. Немесе Қазақстанның солтүстігінде үздік мектептер салып, өңірдегі білім беру тапшылығын жабуға болар еді.

ЛРТ туралы айтпасам да белгілі. Алайда, елордада үш жылға қар тазалауға 50 мдрд теңге бөлінеді! Бұл ретте үй алдындағы алаңдарды қардан ПИК өкілдері, яғни ТК тұрғындарының өзі тазалайды. Яғни, егер Нұр-Сұлтан қар тазалауға арналған бюджетті 3 жыл ішінде 6 млрд теңгеге дейін қысқартса, бүкіл Атырау облысы сияқты 44 млрд теңгені үнемдеуге болады. Міне, Астанадағы бір ғана шығынды қысқартып, НЗМ мектептері бюджетінің жартысынан көбін шығаруға болады,

деп есептейді Азиза Шужеева.

Мектептерге 300 млрд теңге оңай үнемдеуге болатынына сенімдімін, бұл НЗМ-нің үш есе бюджеті

Шужееваның пікірінше, мемлекет басшысы олигархтарды мектеп салуға міндеттеуі керек.

2022 жылы тамызда берілетін жаңа мешіт ше, бюджеті — 220 млн доллар. Осы ақшаға сапалы білім беретін 100 жаңа мектеп салуға болар еді. Бұл жекеменшік ақша иелері есебінен салынып жатқаны белгілі, бірақ Елбасы мешіт емес, мектеп сал деп бұйрық берсе біз мектеп мәселесін баяғыда шешіп алар едік,

дейді Шужеева.

Сондықтан НЗМ-дерді жабуды емес, шамадан тыс бюджеттерді қысқартуды, прожекторлық жобаларға жұмсалатын шығындарды қысқартуды талап ету қажет дейді сарапшы. Барлық ақша сапалы мектептер мен балабақшаларды дамытуға жұмсалуы тиіс.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago