Атақ және ақша

«Күтейін дедім»: Жахан Отарғалиев ажыраспауға тырысқанын ашып айтты

Актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш жақында ресми түрде ажырасқанын растаған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында отбасынан айырылмау үшін бәрін жасағанын айтты.

«Бір ай ішінде екі ота жасаттым. Қазір тәуір болып келе жатырмын. Жақында алдарыңызға позитивті күйде қайта ораламын. Бірақ сіздерге позитив сыйлағанды қаласаңыздар, отбасым жайлы әңгіме айтуды доғарайық.

Отбасым туралы мүлде әңгіме қозғаған жоқпын. Себебі, отбасы менің жеке өмірім. Бірақ көп адам «Отбасыңды қайтарсайшы» деп хат жазуда. Мен отбасымды жіберіп қоятын адам емеспін. Мен тырыстым. Бір емес, екі емес, үш ай бойы отбасымды сақтап қалу үшін біраз нәрсе жасадым. Бардым, сөйлестім, айттым. Ойлан, бір ай күтейін, екі ай күтейін, үш ай күтейін дедім. Солай біраз уақыт өтіп кетті. Солай жүргенде ауырып қалдым.

Жалпы айтқым келетіні, мен отбасыны бекер жіберіп қоятын адам емеспін. Сөйлесіп жүрдік, бірақ нәтиже болмады. Ал сіздерге айтарым, отбасыны сақтаңыздар! Себебі, бұл өмірде отбасыдан артық еш нәрсе жоқ. Жалғыздық тек Аллаға жарасады», — деді Жахан Отарғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш ажырасқандарын хабарлаған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

4 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

5 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago