Әлеуметтік желіге шолу

Әлеуметтік желіде «Митталдың ашық әңгімесі» деп тарап жүрген жазба рас па

WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде аты аталмаған журналист пен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының иесі Лакшми Миттал арасында болған сұхбаттың үзіндісі тарап жатыр. Фактчекерлер ақпаратты тексеріп көрді.

«Сұхбат үзіндісінде» Миттал шахтада болған оқиғаның жауапкершілігін өзінен ысырып, ары таза екенін айтады және бәріне «модернизацияға бөлген» қаржыны «өз қалтасына салып алған» жемқор шенеуніктердің ашкөздігі кінәлі деп мәлімдейді.

Журналистің «мұндай психологияның себебі неде» деген сұрағына Миттал «сопылық ортада өмір сүретін адамдарды бір сәтте байып кету туралы ой азғырса, есінен адасып кете жаздайды» деп айтыпты-мыс. Содан кейін сот алдында жауап беруге дайын екенін, бірақ «оған шенеуніктер жол бермейтінін», себебі «жағымсыз фактілер ашылуы мүмкін» екенін мәлімдейді.

Алайда factcheck.kz журналистері желіде мұндай сұхбаттың болғанына еш дәлел жоқ екенін айтқан.

Кілтсөздер бойынша іздеу біз тексерген кезде әлеуметтік желілердегі осы хабарлама сілтемелерін ғана шығарып берді. Қазақстандық және шетелдік БАҚ-та мұндай әңгіме жарияланбаған. Хабарламаның фейк екенін мәтінде сұхбат жүргізілген уақыт, орын көрсетілмегені, Митталмен әңгімелесіп отырған журналистің аты да, жұмыс орны да жазылмағаны жанама түрде айқындап тұр. Мәтінде «АрселорМиттал Теміртау» иесінің атынан басқа маңызды дерек мүлдем жоқ,

дейді фактчекерлер.

АМТ баспасөз қызметі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Таралған хабарлама шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі өкілдері. Бұл туралы stopfake.kz жазды.

Еске салайық, биыл 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко атындағы шахтада өндіріс кезінде өрт тұтанып, болжам бойынша лавадағы метан жарылған.

Апат салдарынан 46 адам мерт болды. 2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago