Categories: Денсаулық

Көз ауруларының белгілері қандай болады

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхананың офтальмолог дәрігері Алуа Оразғалиева көз ауруының белгілері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігердің айтуынша, көздің көру қабілетінің жоғалуы бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылса, ол «кенеттен» болып саналады.

Адам көздерінің көру қабілетінің жоғалуы бір немесе екі көзде болуы мүмкін. Сондай-ақ, бүкіл көру өрісі немесе оның бір бөлігі жоғалуы мүмкін.

Көз ауруының белгілері төмендегідей:

  • Көз мигрені (көру қабілетінің бұзылуын тудыратын мигрень). Белгілері: 10-20 минут ішінде бір көздің көру аймағында баяу қозғалатын тұрақты емес пішінді жыпылықтайтын дақтар. Кейде көрудің бұлыңғырлығы, көру қабілетінің бұзылуынан кейінгі бас ауруы. Көбінесе жас науқастарда немесе мигрень ауруымен сырқаттанған науқастарда бодады.
  • Торлы қабықтың бөлінуі. Белгілері: найзағай сияқты көрінуі мүмкін жарықтың кенеттен өздігінен жыпылықтауы, дақтар немесе жұлдызшалар анда-санда көрінеді.
  • Инсульт немесе өтпелі ишемиялық шабуылдар. Белгілері: әдетте екі көздің көру аймағының бірдей бөліктерін жоғалту.
  • Жабық бұрышты глаукома. Белгілері: көздің қатты ауруы және қызаруы, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу және жарыққа сезімталдықтың жоғарылауы. Көру қабілетінің бұзылуы
  • Көздің мүйізгек қабығының жарасы. Белгілері: көбінесе көздің қабығындағы сұр дақ кейін ашық, ауыр жараға айналады.
  • Көз тамырының невриті (оптикалық нервтің қабынуы). Белгілері: әдетте көздің қозғалысы кезінде күшейе түсетін шамалы ауырсыну, көру қабілетінің ішінара немесе толық жоғалуы.

Көру қабілетінің кенеттен жоғалуына ұшыраған барлық науқастар шұғыл медициналық көмекке жүгініп, дереу офтальмолог дәрігерге хабарласуы керек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago