«Көзілдірік киюімнің себебі бар». Әнші Серікбол Сайлаубек дүниеге бір көзбен келгенін айтты

Әнші Серікбол Сайлаубек неге үнемі көзілдірік тағып жүретінін түсіндірді. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz

Оның сөзінше, әлеуметтік желілерде өзі отырмайды.

«Мен Instagram-ға көп араласпаймын. Інім отырады. Өздері салады. Маған «жазбайсыз» дейсіз ғой. Көз дұрыс көрмейді. Не жазамын?», — деді ол.

Бағдарлама барысында әнші көзілдірігін шешіп көрсетті.

«Сол көзіңіз бе? Бұл көзге не болған? Бала кезден осылай ма» — деп сұрады журналист.

Әнші көзіне не болғанын айтып берген.

Бұл туғаннан осылай. Біраз сұхбатта айттым. Анам өмірге 4 қыз алып келген. Әкеге ұл керек қой. Әкем дастарқан басында отырып, Алладан «бір көзі соқыр болса да, ұл берші» деп сұраған екен. Сондықтан дұрыс сөйлеу керек деп отырмын. Әр сөзің қабыл болады. Бір-бірімізді барынша көтерейік, жақсы сөздер көп айтайық. Осылай, әкем тіледі, дүниеге бір көзбен келдім,

деді Серікбол Сайлаубек.

Серікбол Сайлаубек деген кім?

Қазақстанның «Лепсі» атанған Серікбол Сайлаубек Сарқанд қаласында (Алматы облысы) дүниеге келген. Бұл аймақтың тұрғындарының көбі ауыл шаруашылығымен айналысатындықтан, бала әнші болуды ойламайды. Алайда бір күні қалаға концертпен музыканттар келетіні белгілі болады. Бала Серікбол әншілерді қатты күтеді, алайда концертке баруға ақшасы болмайды. Сөйтіп, ол есейгенде әртіс болуды мақсат қойып, тегін концерт беруді армандайды.

Есейгенде Серікбол Сайлаубек өз арманын орындады. Танымал болған соң ол Қазақстан қалаларында 12 тегін концерт өткізді.

Сайлаубек бейіндік білім алған музыканттар қатарынан. Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті. Ол Қайрат Нұртаспен бірге оқыған, оқу жылдарында екеуі жақсы араласқан.

Халық арасында Серікбол Сайлаубектің «Ой, жеңгей», «Достарым», «Бота-бота» хит әндері танымал. Үйленген, 4 баланың әкесі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago