Twitter-дің 5,4 млн қолданушысы дерегі желіге тарады

Twitter компаниясы зардап шеккен қолданушыларға ақпараттың тарап кеткені туралы ескертпе жіберіп жатыр.

Twitter 5,4 млнннан аса әлеуметтік желі қолданушылары аккаунты дерегі тарап кеткенін растады. Бұл туралы компания сайтында хабарланды.

2021 жылғы маусымда платформаны жаңарту нәтижесінде қате кетті. Бұл арқылы кез келген адам Twitter-ге электрон пошта мекенжайын немесе телефон нөмірін жазса, олардың қай аккаунтпен байланыстырылғанын көре алды және байланыстырылған аккаунт идентификаторын ала алды.

Осыны біле сала тексеріп, жөндедік. Ол кезде біреу осалдықты пайдаланғаны туралы ешқандай дәлел болған жоқ,

деді әлеуметтік желі әкімшілігі.

Компания зардап шеккен қолданушыларға дерегі таралып кеткені туралы хабарлама жібере бастады.

Twitter қолданушыларға әлеуметтік желідегі аккаунтына жалпыға белгілі телефон нөмірін немесе электрон пошта мекенжайын қоспауға кеңес берді. Оған қоса, қолданушыларға тіркелгілерге екі факторлы аутентификация қосу ұсынылды.

Шілде айында devil  деген лақап аты бар хакер Twitter желісіндегі 5,4 миллион қолданушы аккаунты дерегін саудаға шығарды. Деректер үшін ол 30 мың доллар (14,3 миллион теңге) талап еткен.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago