Ауғанстан астанасында жұма күні таңертең білім беру орталығында болған жарылыс салдарынан 32 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны 40-тан асқан.
Бұл туралы Al Jazeera телернасы мәлімдеді.
Жарылыс Ауғанстан астанасының Даште Барчи ауданындағы «Кааж» білім беру орталығында болды.
Кабул полициясының өкілі Халид Задран бірінші жарылыс болған кезде студенттер жұма күні таңертең жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:30-да университетке түсу емтихандарын тапсырып жатқанын айтты. Полицияның хабарлауынша, 32 адам қаза тауып, 40-жуығы жараланған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында лаңкес өзін жарып жіберген деген мәлімет бар. Жарылыс кезінде «Кааж» білім беру орталығында 400-ге жуық адам болған.
Талибан Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор оқиға орнында қауіпсіздік топтары жұмыс істеп жатқанын айтты.
Шабуыл үшін жауапкершілікті кім өз мойнына алғаны жайлы мәлімет жоқ.