Канада Қытайдан 10 мың ұйғырды қабылдауға дайын

Канада парламенті екі жыл ішінде Қытайдың Шыңжаң аймағынан Канадаға 10 мың мұсылман ұйғыр босқындарын көшіру туралы міндетті емес ұсынысқа бірауыздан дауыс берді, деп жазады Reuters.

Либералды парламент мүшесі Самир Зубери жасаған заң жобасы Канада үкіметін оны ұстануға міндеттемейді. Алайда премьер-министр Джастин Трюдо үкіметі парламенттің бірауыздан қолдауын ескере отырып, шаралар қабылдауы керек.

Канада әрқашан қорғауды қажет ететіндерге көмектесуге үлес қосады. Мен парламент қабылдаған ұсыныста көрсетілген шараларды алға жылжыту үшін барлық партиялардың мүшелерімен жұмыс істеуге бел будым,

деді иммиграция министрі Шон Фрейзер мәлімдемесінде.

2021 жылы Канада Қытайдағы ұйғыр геноцидіне қатысты өз ұстанымын айтқан алғашқы елдердің бірі болды. Ал 2022 жылы Канада БҰҰ-да Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылмандарға қатысты адам құқықтарының бұзылуы туралы пікірталас өткізуге тырысқан елдердің қатарында болды.

2021 жылдың ақпанында Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы геноцид туралы сөзін өтірік деп атады. Сондай-ақ, ол этникалық азшылықтар ассимиляцияға ұшырап жатыр және исламға тыйым салынды деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Бір айдан кейін ҚР СІМ Қытайдағы этникалық қазақтар туралы мәлімдеме жасады. Қазақстан ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын және Қытай азаматтары болып табылатын этникалық қазақтардың құқықтары мәселесінде басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатын ұстанатыны хабарланды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago