Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Канцлерге қараған қазақ. Берлиннен ұшқан Airbus
Саясат

Канцлерге қараған қазақ. Берлиннен ұшқан Airbus

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 02.10.2023
Обновлено 02.10.2023 в 04:10
Поделиться
Поделиться

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапарынан оралды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.

Экономист Айбар Олжаев бұл сапардың Қазақстан экономикасына қай жағынан пайдалы болатынын тарқата түсіндірген екен. Сөзбе-сөз:

Германия болашақ жоспарына қазақ гидрогенін қосып қойды

Жасыл экономика бойынша стратегиясы дайын Германия болашақ жоспарына қазақ гидрогенін қосып қойғаны рас. Біздің арманымыз Еуропаның энергетика нарығынан ығысып қалған Ресейдің орнын дәл қазір басып, немістерді негізгі сауда әріптесіне айналдыру болып отыр. Мұнайымызды Италия мен Нидерланды онсыз да сатып алып жатыр ғой дегенімізбен, Теңіз кенішінің өндірістік қуатын арттыру жұмыстарын аяқтасақ, мұнай экспорты тағы 10 миллион тоннаға ұлғайып, Еуропадан жаңа клиенттер іздеуге тура келеді. Германия осы рөлге сұранып тұр.

Былтыр Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2,8 миллиард доллар болды. Бірақ біз көп ештеңе сатпадық. 2,8 миллиардтың 2,2 миллиарды Германияның бізге жіберген импорты. Ол — автокөліктер (Мерседес, Ауди, БМВ) мен дәрілер. Біз неміс дәрісін көп ішетін елміз.

Биыл «Дружба» құбыры арқылы Германияға 500 мың тонна мұнай жібердік. Келесі жылы 1,2 миллион тонна мұнай жібереміз деген жоспарымыз бар. Бірақ «үйдегі жоспарды түздегі нарық бұзады» демекші, инфрақұрылымдық, логистикалық проблемаларымыз бастан асады.

Мұнай туралы айтсақ

Қазір экспорттық мұнайдың 80 пайызын Ресей арқылы жібереміз. Оның ішінде, былтыр 52,2 миллион тоннаны КТК арқылы, 8,4 миллион тоннаны Атырау-Самара құбыры арқылы айдадық. Енді Атырау-Самараның көлемінің біраз бөлігін Дружба құбырына (Ресей құбыры) құятын боламыз. Ол Германияға барады.

Каспий арқылы ше?

Баку-Тбилиси-Жейхан біз көз тігіп отырған бағыт. Бірақ қиындықтары бар. Біріншіден ол қымбат. Тоннасына 100 доллар кетеді. Ал КТК арқылы 38 доллар. Екіншіден, біздің мұнайдың күкірті көп. Сондықтан БТЖ тек жылына 3 миллион тонна қазақ мұнайын өткізе алады. Ол кедергіні жою үшін біршама инвестиция керек. Оңай ештеңе жоқ.

Германия Қазақстанның болашаққа деген саяси көзқарасын байқап, тамырымызды басып көрді. Шольц қанағаттанған сияқты. Орднунгымыз орнында. Ештеңе бүлдіріп алмасақ, Мерседестің бізге кеңірек келетін ойы бар. Ескі досымыз, энергетикалық турбиналардың әлемдік падишахы Сименс бізге деген мырза көңілін тағы бір растады.

Airbus 330 қазақ мүддесі жолында әлі талай алыс сапарларға ұшады. Үмітті үкілеу, болашаққа үмітпен қарау өз тарихында көп жылаған ұлтымыздың сақталып қалған ең жақсы қасиеті. Адам өмір сүру үшін оған мотивация қажет. Мен үміттің ең жақсы мотивация екенін енді түсіндім. Сіз ше?

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 02.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?