Categories: Видео

Канело қазақша хит әнге биледі

Әлеуметтік желіде екінші орта салмақ бойынша бокстан әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қазақша хит әнге жаттығып, артынша билеген видеосы пайда болды.

Әйгілі боксшы «Меховая 8/1» тобының «Тойға шашу» әніне билеген. Видеоға қарағанда, дәл сол сәтте спорт залда онымен бірге қазақстандық спортшылар да жаттығып жүрген.

Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, біздің серіктес Сауль (Канело) Алвареспен бірге өткізген дайындық біздің жігіттер үшін мол тәжірбие болды. Жаттығудағы әр сәт пайдалы әрі қызықты өтті. Танымал былғары қолғап шеберімен бір залда дайындалу екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың артуына сеп болды. Канело қазақ елі мен өнерін қатты құрметтейді. Әсіресе қазақ әндерінен керемет әсер алып, билегенді жақсы көреді. Бұл сол сәттен үзінділер.

деп жазды видеоны инстаграм парақшасында бөліскен Suleimen Promotions компаниясы
Наргиза Аршидин

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago