Әлеуметтік желіде екінші орта салмақ бойынша бокстан әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қазақша хит әнге жаттығып, артынша билеген видеосы пайда болды.
Әйгілі боксшы «Меховая 8/1» тобының «Тойға шашу» әніне билеген. Видеоға қарағанда, дәл сол сәтте спорт залда онымен бірге қазақстандық спортшылар да жаттығып жүрген.
Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, біздің серіктес Сауль (Канело) Алвареспен бірге өткізген дайындық біздің жігіттер үшін мол тәжірбие болды. Жаттығудағы әр сәт пайдалы әрі қызықты өтті. Танымал былғары қолғап шеберімен бір залда дайындалу екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың артуына сеп болды. Канело қазақ елі мен өнерін қатты құрметтейді. Әсіресе қазақ әндерінен керемет әсер алып, билегенді жақсы көреді. Бұл сол сәттен үзінділер.
деп жазды видеоны инстаграм парақшасында бөліскен Suleimen Promotions компаниясы