Каспий теңізіндегі мұз астына ер адам құлап кетті. Бұл туралы Inaktau.kz хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Каспий теңізіне мұз қатқалы бері онда суретке түсушілер саны көбейген. Алайда кейбірі мұның өмірге қауіпті екенін ескермей жатыр.
Сол себепті әлеуметтік желіде мұз айдынына ұқсаған Каспий теңізіндегі әдемі фотолармен қатар мұз сынып, суға батып бара жатқан адамдардың да видеосы тарап жүр.
Төтенше жағдай департаменті облыс тұрғындары сақ болуға шақырады:
- қатты қатпаған мұзды баспаңыздар;
- топ болып мұздың бетіне жиналмау;
- мұздағы жарықтарға жақындамаңыздар;
- түнде мұзға шықпаңыздар.