Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігі хабарлады.
2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды,
делінген хабарламада.