Каспий бестігіне кіретін елдер – Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тыйым салуды 2023 жылға дейін ұзартуға келісті.
Балықтың бұл түрін тек ғылыми-зерттеу мақсатында және жасанды жолмен көбейту үшін ғана аулауға рұқсат етіледі.
Каспий теңізі — бекіре тұқымдас балықтың көп әрі алуан түрі бар әлемдегі ең бай су қоймасы. Каспий маңы ойпатында бекіре тұқымдас балықтардың максималды аулау 1970 жылдардың аяғында байқалды – жылына 27 мың тоннадан астам.
Бекіре балықтарының санының күрт азаюы 1990 жылдары басталды.