Дүниежүзілік банк Қазақстанда халықтың 15,5 пайызы кедей тұрады деп санайды. Бұл 19 млн халықтың 2 945 мыңы кедей деген сөз.
Елдегі ресми статистика кедей санын бұдан екі есе аз деп көрсетеді. Былтырғы сан бойынша 1 миллион адамнан сәл асады деген зерттеу жүргізіпті Abai.kz сайты.
Қандай адамды кедей дейміз? Әдетте бұған ең төменгі күнкөріс деңгейінде табыс табатын адамдарды жатқызады. Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі биыл қазанда 48 121 теңге болды. АҚШ долларының қазіргі ресми бағамына шаққанда 103 доллар. Бір айға — 31 күнге бөлсеңіз күніне 3,3 доллар.
Дүниежүзілік банк табысы орташа елдердегі күніне 3,2 доллар, ал табысы ортадан жоғары елдерде күніне 5,5 доллар табатын адамдарды кедейлік шегінде деп бағалауды ұсынады.
Осы жерде мынандай кереғарлық туады БҰҰ-ның Адам дамуының индексі дейтін көрсеткішінің 2022 жылғы рейтингінде Қазақстан адам дамуының жоғары деңгейіндегі елдер қатарына жатқызылыпты. БҰҰ әр ел бойынша тек ресми статистикаға сүйенетінін ескеру керек. Ал бізде статистиканың қалай сөйлейтінін бәріміз жақсы білеміз.
Еуропа елдерінде күндік табысы 5, 5 доллардан аспайтын адам кедей саналады. Санкцияның астында қалған, соғысып жатқан Ресейде ең төменгі жалақы алатын кедейдің күндік табысы 8,5 доллар. Орыстың кедейінің өзі қазақтың кедейінен 5 долларға көп табады.
Ресейдегі инфляция 13,7 пайыз, бізде 17,7 пайыз. Яғни біздегі кедейдің күндік 3,3 доллар табысының біразын инфляция жеп қоюда. Ал жалпы ел дамуы үшін оның азаматтары күнделікті ішім-жемнен бөлек табысының кемінде 10 пайызын білімге, 10-20 пайызын денсаулығын жақсартуға жұмсауы тиіс.
Елде өндіріс болмайынша, азық-түліктен бастап халық тұтынатын ең қажет тауардың кемінде 50 пайызы өзімізде өндірілмейінше, жемқорлық індетін тоқтатпайынша кедейлік қамытын киген отандастардың санын азайта алмаймыз.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…