Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Кедейлік, сауатсыздық, «жұрттан қалмау» синдромы: маман азаматтардың «несиелік құлдыққа» түсуі жайлы
Экономика

Кедейлік, сауатсыздық, «жұрттан қалмау» синдромы: маман азаматтардың «несиелік құлдыққа» түсуі жайлы

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 22.02.2023
Обновлено 22.02.2023 в 11:02
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазіргі таңда несиесі бар адамға қарағанда несиесі жоқ адамды кездестіру таңғалдыратыны рас. Азаматтардың басындағы қарыздың көптігін статистика да дәлелдеп отыр. Оған қоса несиесін төлей алмай жүрген ағайын өзін банкрот етіп жариялай алатын заң жобасы да әзірленді. Несиеге батқан халықтың жағдайы сонша мүшкіл ме? Әлде қаржылай сауаттылықтың төмендігі ме? Azattyq Ruhy агенттігі жазады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2022 жылдың 11 айында жеке тұлғалардың банктер алдындағы несиелері 29,4%-ға өсіп, 13,9 трлн теңгені құраған. Оның ішінде тұтынушылық несие көлемі 7,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл тұрғындардың тұрмыстық техника мен қажетті дүниесін несиеге алғанын көрсетеді. Жалпы елімізде банктерге берешегі бар 6 млн 868 мың адам бар. 90 күн төленбеген несиелердің үлесі 461 млрд теңгені құраған. Ал қарызын 90 күннен артық төлемей жүрген борышкерлер саны 536 мыңға жеткен.

Несиесін төлей алмай жүргендердің төлем қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін «Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. 3 наурыздан бастап банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталады. Бұл – қарызға батқан азаматтарға мемлекеттің көрсетіп отырған жәрдемі. Ал олардың мұндай күйге қалай жеткені туралы сауалдың жауабын экономист Қуанышбек Дүйсенов айтып берді.

Экономистің айтуынша, 9,2 миллион экономикалық белсенді азаматтың 7,2 миллионында қандай деңгейде болмасын несиенің бар екендігі шындық.

Экономикалық тұрғыдан алғанда несиенің жоғары деңгейінің ел үшін оң және теріс салдары болуы мүмкін. Бір жағынан бұл адамдардың жаңа инвестициялар мен тұтынуды қаржыландыру үшін несиеге қол жеткізе алуы өсіп келе жатқан экономиканы көрсетуі мүмкін. Бұл сұраныс пен өсуді ынталандыруды, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының пайда болуы мен мүмкіндіктер ашуына әкеледі. Дегенмен бізде көп жағдайда тұтынушылық несиелер басым екенін ескерсек, оң әсер бар деп айту өте қиын,

дейді сарапшы.

Экономист атағандай, екінші жағынан бұл адамдар несиелерін өтей алмай, банкроттыққа әкелетін несиелік дағдарыс болуы мүмкін.«Жақында жарияланған «Банкроттық туралы» заң елдің көп азаматында несие болуының теріс жағын көбірек дәлелдейтін секілді. Бұл тұтастай алғанда экономикаға, соның ішінде қарызы бар банктер мен қаржы институттарына әсер етіп, тіпті экономикадағы рецессияға әкелуі мүмкін. Осылайша, жалпы несиеге тәуелді азаматтардың көп болу үрдісін қалыпты деп айта алмаймыз,

дейді Қуанышбек Дүйсенов.

Экономистің айтуынша, азаматтардың несиеге жиі жүгіну проблемасына нақты бір тарапты кінәлі деп айту қиын.

Мемлекет тарапынан ел азаматтарын тікелей несие алуға шақыратын ешқандай әрекет көріп отырғанымыз жоқ. Ал мемлекет қолдайтын несиелердің көбі ел экономикасын арттыруға бағытталған төмен пайызды бизнеске берілетін несиелер немесе әлеуметтік бағдарланған несиелер ғана. Бұл жерде мемлекет азаматтары көп жағдайда қандай уәждеме негізінде несиелер алатынын әрі оның ішінде табыстың жетіспеушілігі немесе ел азаматтарын «кедейлік шекарасына» жеткізетін себептер болса, мемлекет тарапынан нақты осыны шешуге қатысты шаралар шұғыл іске асырылуы қажет. Ол төменгі жалақы деңгейі немесе банкроттық туралы заң болуым мүмкін,

— деді ол.

Маманның айтуынша, жалақысынан төлейтін несиесі көп адамдар болады.

Бір несиені аламын деп, екінші несие алып, ол несиені жабамын деп үшінші несие алатын жағдайды «несиелік құлдық» дейді. Бұл жағдайға қаржылық сауаттылығы төмен азаматтар түседі. Дегенмен белгілі бір деңгейде қаржылық сауаттылығы бар азаматтар түсіп жатқан жайттар да баршылық. Көп жағдайда себептер әртүрлі, бірақ көбінесе мәселені уақытылы шешу үшін қаражаттың жетіспеушілігінен болатыны анық. Сәйкесінше, екі фактордың да үлесі бірдей деп нақты айтуға болады. Мұндай жағдайдың нақты жауабын тек жалпы табыс деңгейінің өсуінен бақылауға болады. Себебі елдің жалпы табыс деңгейі артқан сайын «несиелік құлдықтағы» азаматтар азайса, онда мәселе «тығырыққа тірелуге» қатысты деп айта аламыз. Ал егер азаймаса, онда қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігі деп дөп басып айтуға болады,

деді Дүйсенов.

Маман несиеге белшеден батуға «жұрттан қалмау» синдромы қалай әсер ететінін айтты.

Жалпы «жұрттан қалмау» синдромымен қатар қазіргі уақытта несиені алу жолы жеңілдеп кеткенін ескерген жөн. Әлбетте, мұның нақты үлесін нарықтағы трендтегі өнімдер мен оларға деген азаматтардың несиелену үлесін есептеу арқылы ғана баға беруге болады. Ал әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформаларда трендтегі «жария жетістікке жеткен» өмір салты, осы өмір салтына жетпеген азаматтарда ішкі күйзеліс пен сондай өмірге ұмтылысты тудырады, ал ұмтылыс негізінде жету жолы, өкінішке қарай, осы несие алу арқылы іске асып жатқаны «несиелік құлдыққа» апарып соғады,

дейді Қуанышбек Дүйсенов.
ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Сая Манарбековна 22.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?