Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша қазақстандықтардың 15%-ы кедей.
Тәуелсіздік кезінде енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдаланып келеміз. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болуы мүмкін. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға байланысты емес.
Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынды.
Біз кедейлікті әлі жеңе алмаймыз отырмыз. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, қазақстандықтардың 15%-ы кедей. Ресми статистика бойынша халықтың 5,1%-ы күнкөріс деңгейінен төмен табыспен өмір сүреді,
деді депутат.
2022 жылдың 1 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болып бекітілді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге болды. Елдегі зейнеткерлер үшін жаңалық – ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңге болып бекітілді.
Жыл сайын айлық есептік көрсеткіш артатыны белгілі, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге тең.