Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Кейбір жүргізушілер көлік салығынан босатылады
Экономика

Кейбір жүргізушілер көлік салығынан босатылады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 12.09.2023
Обновлено 12.09.2023 в 02:09
Поделиться
Сурет: Kolesa.kz
Поделиться

Қазақстанда жанар-жағармай бағасының көтерілуіне байланысты «эконом» класқа жататын автокөлік иелерін көлік салығынан босату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне өзгеріс енгізетін құжатты әзірледі. Оған сәйкес, қосылған құн салығы, корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы, темекі акциздері, сәнді заттарға салық салу, салық жеңілдіктері және тағы басқа маңызды өзгерістер бар.

Көлік салығын да өзгерту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2025 жылы ЕАЭО елдері шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Соның нәтижесінде жеке тұлғалардың шығыны артады. Оған қоса, көлік салығын, кәдеге жарату мен бастапқы тіркеу алымы тағы бар.

Жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне (мысалы, 2 есе) байланысты азаматтардың көлік құралдарын иеленуге және пайдалануға арналған шығыны тиісінше өседі. Бұл әсіресе «эконом» класты көлік иелерінің қалтасына салмақ салады, сәйкесінше олардың әлеуметтік және материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет,

делінген құжатта.

Осыған байланысты көлік салығын алып тастау ұсынылып отыр. Бірақ «эконом» класқа жатпайтын көліктер үшін салық қалады. Қозғалтқыштың көлемі неғұрлым көп болса, салық жүктемесі соғұрлым жоғары болады.

Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылы бюджетке 70 млрд теңгенің көлік салығы түсті.

Айта кетері, осы құжатта қосылған құн салығын біртіндеп көтеру шаралары да көрсетілен. Ал жеке табыс салығы бойынша прогрессивті шкала енгізіледі. Оған сәйкес, жалақысы жоғары адамдар табыс салығын көп төлейді. 2020 жылғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда жалақысы 2 млн теңгеден асатын 7 376 адам (0,12%) бар.

Анара Бауыржанқызы 12.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамЭкономика

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

04.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
ҚоғамЭкономика

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

28.05.2024
Экономика

Жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салатын заң кері қайтарылды

23.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?