Қазақстан халқын қыста жылумен қамтамасыз ететін жалпы саны 37 жылу электр орталығы (ЖЭО) бар.
Олар 40-50 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Көбі ескірген, тозу деңгейі 90-95%-дан асады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл жылыту маусымына дайындыққа бюджеттен 146 млрд теңге жұмсалған. Ведомство басшылығы жөңдеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгенін айтады.
Бірақ қыс басталмай жатып, әбден ескірген жылу желілері істен шығып жатыр. Сақылдаған сары аязда халық тағы да сусыз, жылусыз қалды. Қалың көрпелерге орануға мәжбүр.
Синоптиктер болса, еліміздің біршама облысында қытымыр аяз, -40 градусқа дейін суық болатынын хабарлайды.