Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Келесі жылы мектеп пәндері 100% электрондық оқулықпен қамтылады
Білім

Келесі жылы мектеп пәндері 100% электрондық оқулықпен қамтылады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 04.10.2023
Обновлено 04.10.2023 в 03:10
Поделиться
Сурет: OKULYK.KZ
Поделиться

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», деген тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде электронды оқу басылымдарын сараптау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Мейіржан Серікбайұлы El.kz ақпараттық агенттігіне жауап берген екен.

Спикердің сөзінше бүгінде орталықта оқу материалдарын цифрландыру бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Электронды оқулықтардың дәстүрлі оқулықтан артықшылықтары –мультимедиялық, интерактивті контенті мен функциялары. Мұндай мүмкіндіктер білім сапасын жақсартуға жене баланың оқуға деген қызығушылығын арттыруға көмектесетініне сенімдіміз. Қазіргі таңда орта білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылған электронды оқулықтардың жалпы саны 436-ға жетті. Бұл оқу пәндерінің 80%-ы цифрлы оқулықтармен қамтылғанын білдіреді. 2024 жылы барлық мектеп пәндерін электронды оқулықтармен 100% қамту жоспарлануда,

дейді бөлім басшысы.

Бүгінгі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатылары электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Бүгінде бұл орталықтан электронды оқулықтар бірінші сараптамадан өтеді.

Электронды оқулықтарды жасап шығарумен баспалар және ІТ-компаниялар айналысады. Ал республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы дайын оқулықтарды сараптамадан өткізеді. Оқу әдебиетінің сапасын бағалау және іріктеу жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады. Ғылыми және педагогикалық сараптама, сынақ, пәндік комиссияларда қарастыру. Сонымен қатар өңірлерде мұғалімдермен оқулықтарды талқылау, қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық талқылау ұйымдастырылады,

дейді ол.

Cараптама – орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларымен регламенттелген.

Осы кезеңдерден өткен басылымдар оқулықтар мен ОӘК тізбесіне енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдайтын пәндік сараптама комиссиясының қарауына беріледі. Мектеп оқулығының сараптамасына сарапшы сертификаттары бар ғалым және орта білім беру ұйымдарының кемінде екі педагогы-практигі тартылады.

Электронды оқулықтарға сұраныс биыл өскен. Спикердің айтуынша электронды оқулықтарды сатып алу жергілікті атқарушы органдар құзіретінде.

Оларды пайдалану өзектілігі биыл айтарлықтай артты. Айтып өткеніміздей, орта білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылған электронды оқулықтардың жалпы саны 436-ға жетті. Тағы 255 электронды оқулық сараптамада,

дейді электронды оқу басылымдарын сараптау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Мейіржан Серікбайұлы.
Анара Бауыржанқызы 04.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024
Білім

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа ережесі әзірленді

20.02.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?