Categories: Оқиға

Кентауда оқушы қызды соққыға жығып, зорламақ болған педофил ұсталды

Оқиға Түркістан облысы Кентау қаласында 26 сәуір күні кешкі сағат 8-дер шамасында болған. Оқушы қызды қан-жоса еткен ер кісіні көршілер көріп қалған екен.

Бұл туралы «Не молчи» қоры хабарлады. Оның мәліметінше, ер адам жас қызды зорламақ болған.

11 жастағы оқушы үйінен дүкенге майонез алу үшін шыққан. Үйдің кіре-берісінде әлгі еркек оның жасын сұрап, әдемі екенін алға айтып, құшақтап алған.

Қыз айғайлап көмек сұраймын дегенше ер адам оның тамақ тұсынан қатты қысып, қылқындыра бастаған. Ұрып-соққан. Кейін қызды аулаға алып шығып, ұрып-соғуды жалғастырған. Тіпті таспен басынан, бетінен ұрған. Үйдің артына дейін сүйреп апарып, ұрып-соға берген.

Оқиғаны қыздың көршісі көріп қалған соң ер кісі қаша жөнеліпті. Бұл бойынша полицияға арыз түскен. Дина Таңсәрінің мәліметінше, істі тәртіп сақшылары «Бұзақылық» бабымен тіркеп, күдіктіні босатып жіберген.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар оқушының соққыға жығылғанын растады. Ол жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген.

«Немолчи» қорының мәліметінен соң, болған сәттің видеосы анықталып, тексерілді. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркелді.  Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Күдікті бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, қазір осы іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago