Categories: Маңызды

Кеше Үшінші Дүниежүзілік соғысты күткендер Қытай пәлсапасынан бейхабар — саясаттанушы

Саясаттанушы, блогер Самат Нұртаза Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін Үшінші Дүниежүзілік соғысты күткендер Қытай мәдениеті мен тарихынан бейхабар деп есептейді. Ол әлем бақылаған сапар туралы 5 ой түйгенін жазды. Өз ойларымен блогер Facebook парақшасында бөлісті.

Самат Нұртаза. Сурет: Zakon.kz
  1. Си Цзиньпин парасаттылық танытты, өйткені шүріппені баса салуға көп ақыл қажет емес. Біз кейбір елдердің бірінші басшыларының асығыс шешімдері мен қылышын ербеңдетулері ақыр-аяғы неге әкелгенін көріп отырмыз. Жалпы, ұрып-соғумен қолынан басқа ештеңе келмейтіндер айналысады. Си Цзиньпин табысты Қытайды басымдыққа алады. Шыныдан жасалған үйде тас лақтыруға болмайды, ал қытайлар мұны жақсы түсінеді.
  2. Кеше үшінші дүниежүзілік соғысты күткендер — Қытайдың мәдениеті мен тарихын білмейтіндер. Қытай — ең шыдамды елдердің бірі, тіпті өркениет деп айтар едім. 1997 жылы олар Гонконгты қайтарып алды, содан кейін Макаоны қайтарды. Уақыт Қытайдың пайдасына ойнап жатқанын ескерсек, Тайваньның оралуы — уақыт мәселесі.
  3. Нэнси Пелосидің сапары — Батыс әлемінің ресми Бейжіңді тексеруі. «Эмоцияларға ерік бере ме, жоқ па?» деп қызықтады Вашингтон. Бейжің қытайлар эмоциясына берік екенін дәлелдеді. Жалпы, америкалық мамандар Конфуцийді аз оқыған сияқты. Қытайдың бүкіл сыртқы саясаты Конфуций философиясына негізделген.
  4. Қытай мен АҚШ сауда серіктестері. Олар бір-біріне мұқтаж. Бірі бірінсіз өмір сүре алатын да шығар, бірақ өте қатты қиналады. Бизнес жасауға болатын болса, өмірді қиындатудың не қажеті бар? Қытайдың саясаты айқын — кедейлікті жеңіп, континенталды Қытайда инфрақұрылымды дамыта отырып, ресми Бейжің Қытай бірлігін ерікті түрде жасағысы келеді. Тайваньның наразы қоғамы бір тудың астына өзі-ақ біріккісі келетін сәт болады деп сенеді.
  5. Тайвань — Қытайдың ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасының ресми ұстанымы да осындай. Көптеген адам Пелосидің кешегі сапарына қатысты ресми Бейжіңнің наразылығын түсінбеді. Сондықтан көрнекі мысал келтіруге болады: Нэнси Пелосидің Тайваньға кешегі сапары — ресейлік деңгейдегі шенеунік Кириенко, Патрушев немесе Медведев Астананың шақыруымен емес, Петропавл қаласы әкімінің шақыруымен Петропавлға келуімен тең.

Саясаттанушының пікірінше, біздің шығыс көршімен жолымыз болған.

Жалпы пафоссыз айтатын болсам, кеше Си Цзиньпинь адамзатты Үшінші Дүниежүзілік соғыстан аман алып қалды. Оған жай ғана бұйрық бере салуына болар еді. Нәтижесінде: экономиканың құлдырауы, миллиондаған босқындар, жарылыстар, аштық, дефолт, жұмыссыздық, азық-түлік дағдарысы және т.б. болар еді.

Нақты бір адамның шешімі, салқынқандылық, тұлғаның байсалды талдауы әлемді апаттан құтқарды. Егер эмоциясыз, байыппен қарайтын болсақ, біздің шығыс көршімізбен жолымыз болды,

дейді Самат Нұртаза.

Оқи отырыңыз: Тайвань: АҚШ пен Қытай текетіресі

Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары немен аяқталуы мүмкін?

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago