Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Азамат Нұрболат Дакебаев қазақстандықтарға «түсіну және кешіру» режимін қосып, бейнеүндеу жолдады.
Дакебаев өзінің бейне жолдауында:
Істеген қылығым маған тыныштық бермейді, өйткені мен ешкімге жамандық жасағым келмеді. Мен ұрған жәбірленушіден, мұсылман бауырлардан кешірім сұраймын. Мен өз қателігімді түсіндім. Алла разылығы мені кешіріңіз,
деген.


Бір қызығы, деп жазады журналист Ришат Асқарбекұлы,
адамгершілікті агрессия жеңіп, көзі қанталағанда түрмені ойламайды. Ал басына күн туғанда мейірімділік пен Алланы еске алады, бойын ізгілік билеп, жуасып қалады. Қатал жазадан қорқу ғана
адамды қоғам заңдарымен өмір сүруге мәжбүр ететін сияқты.
Егер Дакебаевқа қатысты сот ашық болса және оны мерзімінен бұрын босатып жібермейтіндей соттаса ғана қоғамда оң өзгеріс болады. Иә, ол ең бірінші скорыйдың жүргізушісі емес бір жастағы науқас баланың өміріне қауіп төндірді ғой?! Соққыға жығылған азаматтың жағдайы қиын болған соң, фельдшерлер тағы бір бригада шақыруға мәжбүр болғанын айтты. Мұның бәрі уақыт әрі адам өміріне қауіп төндіру.
Сосын желіде екі түрлі фото тарады. Алғашқысы сақалмен, одан кейін сақалсыз. Қалай ойлайсыз? Қайсысында мейірім мен ізгілік басым. Жалпы агрессияға дін мен сақалдың қатысы бар деуден аулақпын. Десе де өткендегі сақалдының шаһидке, адамды жоқ қылып жіберуге бейіл екені көрініп тұрғандай болды. Бүгінгі кейпі мүлде басқа.
Кешіреміз бе?