Айдана Меденова қазір мүлдем ән тыңдамайтынын айтты

КешYou тобының экс-мүшесі Айдана Меденова діни сеніміне байланысты қазір ән де тыңдамайтынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншіден оқырманы «Енді ән айтпайсыз ба» деп сұраған.

Айдана Меденова өзінен-өзі музыкадан алшақтап кеткенін жазды.

Жоқ. Ең қызығы, тіпті тыңдамаймын қазір. Жалпы, маған қиын болады деп ойлағанмын кезінде… Керісінше, Аллах маған жеңілдетіп қойды бәрін, өзімнен-өзі музыкадан алшақтап кеттім, түк қиналмай. Альхамдулиллях. Аллах ұлық, ниетіңе қарай бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады,

деп жауап берді ол.

Еске салайық, бұған дейін әнші, актриса Айдана Меденова өнерден қол үзбейтінін айтқан еді.

Ол сонымен бірге көптің көкейіндегі сұраққа жауап берген еді. Өзінің дінге қалай келгені туралы айтып, TikTok-тағы парақшасында видео жариялады. Әншінің өнерден кетіп, дінге түбегейлі бет бұрғанын оның тыңдармандары қабылдай алмаған. Оның айтуынша, мұны «арабизм» деп сөккендер де табылыпты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago