Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Әкесінің жете алмай кеткен атақ-абыройына баласы жетті»: Арман Дүйсеновтың жерлесі естеліктерімен бөлісті
Қоғам

«Әкесінің жете алмай кеткен атақ-абыройына баласы жетті»: Арман Дүйсеновтың жерлесі естеліктерімен бөлісті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 25.01.2023
Обновлено 25.01.2023 в 03:01
Поделиться
Поделиться

Дәстүрлі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сағадат Рахметжанов Арман Дүйсенов пен оның әке-шешесі туралы естеліктерімен бөлісті. Айтуынша, ол көп жылдар бойы Арманның әкесі — Нариман Дүйсеновпен әріптес болған.

«Арман Дүйсенов ініміз, жерлесіміз, біздің мақтанышымыз, композитор, продюсер, тележүргізуші Арман ініміз өмірден өтіпті. Өте өкінішті, әттең, жас кетті. Төбеден жай түскендей қаралы хабар. Кенеттен келген ажалға шарамыз жоқ. Арман ініміз артына өлмес мол мұра әндерін, шығармашылық еңбектерін қалдырды. Енді сол әндерін айтып, еске алатын боламыз» — деп музыкант көңілін білдірді.

«Арманның әке-шешесі де өнерлі жандар болатын. Нариман Дүйсенов жанып тұрған музыкант, кәсіби саксофоншы, әрі әнші еді. Сонау 1970-80-90-жылдарда Оралдағы «Ақжайық» ансамблі, «Бипыл» ансамблі, филармонияда «Ән қанаты» ансамбльдерінің белді мүшесі, әрі әншісі болды. Анасы – Қойсұлу Ғарекеңнің әндерін айтатын әнші, домбырашы болатын. Ол да өмірден ерте кетті.

Марқұм әкесі Нариманды көпшілік жақсы көріп, Нәреш деп атаушы еді. Өмірінің соңғы жылдарында филармонияда құрылған үрмелі аспаптар оркестрінде саксофоншы болып қызмет атқарды. Ақкөңіл, ашық, отырған жерін ду-думан қылатын, әзіл-қалжыңы мол азамат еді. Бірге жұмыстас болдық, дәмдес, сыйлас, өнерлес інісі болдым.

Арманның әкесі Нариман, шешесі Қойсұлу және әжесі

Негізі Нариман балалар үйінде өскен деп естідім, жалғыз ағасы мен інісі, үшеуі. Ол іштегі сырын онша көп айта бермейтін. Ағасы да ерте өмірден өтті, артында бір-екі балалары қалған сияқты. Бірақ Нәреш өмірде де, өнерде де жалғыз емес еді, жолдастары көп болатын. Жора-жолдастар басымыз бірігіп, думандатып жібергенде бәріміз Нариманның қасына жиналып қалушы едік, оның әзіл-әңгімелері, анекдоттары таусылмайтын, күлдіріп, езуімізді жиғызбайтын. Жабырқайтын кездері «Бізге енді үкіметтен атақ алу, үй алу дегендер жоқ шығар» деп… Сол кездерде өнер адамдары қаншама ел, жер аралап, қысы-жазы іс-сапарларда жүріп, концерттер қойса да еңбектерін билік бағалай қоймайтын еді.

Айтқанындай, Нәреш те өмірден ерте кетті. Бүкіл Оралдың өнерпаздары бірігіп, соңғы сапарына шығарып салғанбыз. Өмірден ерте өткен ағасының жанына жерледік. Әкесінің жете алмай кеткен атағын да, арманын да, абыройын да баласы Арман жеткізді. Әке атағын бүкіл Қазақстанға шығарды.

Сонау бір жылдары біздің сол кездегі директорымыз марқұм Мақсот Омарғалиев ағамыз біздерді жинап алып, «Өмірден өткен өнерпаздарды еске алайық, солардың ағайындары мен балаларын шақырайық. Еске алу концерт ұйымдастырайық» деп ойын айтқан. Сонда мен: «Мәке, Арман інімізді шақырсақ қалай болады? Арман телевидениеге көп шығып жүр, Ақжайық, Орал туралы ештеңе айтпайды. Елдегі ағаларына ренжіп жүрген жоқ па екен? «Ұлым» деген ел болмаса «Елім» дейтін ұл қайдан шығады» деп ой айтып едім, Мәкең де «шақыру керек» деп шешті. Арманмен хабарласып, Оралға шықырды, еске алу концерт жақсы өтті. «Әкең өлсе де, әкеңді көрген адам өлмесін» деген. Арман сол кезде әке-шешесінің көзін көрген аға-апаларымен көрісіп, риза болып, бала кезіндегі тентек ерке қылықтарын еске алып, мәре-сәре болып қалғанбыз.

кішкентай Арман

Кешкі қонақ асында Арман ініміз тебірене сөз айтып, бізге ризашылығын білдірді. Арманның кескін-келбетін, сөйлеген сөздерін, кейбір әзіл-қалжыңдарын естіп, Нарман тіріліп келгендей әсерде болдық. Әкесіне қатты ұқсайды екен. «Енді Оралға жие келіп тұрамын, концертімді өткіземін» деген еді. Көп кешікпей Арман ініміз Орал туралы, Ақжайық туралы әндерін шығарды, әңгімелерінде Ақжайық туралы көп айтатын болды. Біз де өнерлі ініміздің әр жетістіктері туралы ести қалсақ қуанып, риза болып жүретінбіз. Теледидардан көрген сайын «біздің ініміз, жерлесіміз» деп мақтанышпен қарайтынбыз, көптеген әндерін біздің әншілер орындап жүр.

Бүгінгі қаралы хабарды естіп көңіліміз бұзылып отыр. Арманжанның іні-қарындастарына, туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы жолдас болсын. Жатқан жері жайлы болсын. Қалың тыңдарманың, халқың бар, сен өлмейсің, талай еске алу концерттерің өтеді. Алла панасына алсын, Арман бауырым», — деп естелігімен бөлісті Сағадат Рахметжанов.

Арман Дүйсенов жұбайымен

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. Қазақ эстрадасында орындалып жүрген көптеген хит-әндердің авторы. Арман Дүйсенов «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған.

Әлеуметтік желілерде композитормен әріптес болған өнер адамдары да Арман Дүйсеновпен қайғыра қоштасып жатыр.

Анара Бауыржанқызы 25.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?