Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > «Кезексіз» сайлау кланға керек боп тұр – сарапшы
Саясат

«Кезексіз» сайлау кланға керек боп тұр – сарапшы

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 07.09.2022
Обновлено 09.12.2023 в 12:12
Поделиться
Поделиться

Қазақстанды 30 жыл бойы бас зейнеткер бастаған бір клан басқарды. Олардың жалғыз тірлігі – бюджет қаражатын өз мүдделеріне сай үлестіру ғана болды. Айы оңынан туып, ол кезде табыс та жақсы болды. Сосын, жағдай өзгеріп, түрлі мәселелер туындай бастады. Бірақ ол мәселелердің бірі де шешілген жоқ, бәрі тек кейінге қалдырылып келді. Өйткені әлгі мәселелерді шешу үшін екі нақты шараға бару керек болатын: біріншіден, халыққа есеп беретін болып, екіншіден, билікте жаңа адамдарға жол ашу қажет еді. Бірақ клан мұндай іске бармады, – дейді саясаттанушы Қазбек Бейсебаев.

Сарапшының айтуынша, ішкі және сыртқы жағдайлар бас зейнеткерді президент лауазымынан кетуге мәжбүр етті. Бірақ бас зейнеткер қағаз жүзінде ғана кетіп, іс жүзінде елді баяғыдай, бір өзі басқарып-бақылап отырды. Қосбилік бірден басқару жүйесінің берекесін қашырды, мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіре бастады.

Ақыры, жаңа жағдайдағы жаңа қысымдар жағадан алғанда, бас зейнеткер шынымен-ақ кетуге келісті. Бірақ өйтсе, билігінен ғана емес, жиған-терген байлығынан да айырылуы мүмкін еді. Ол түбегейлі кетсе, ол ғана емес, оның кланы да билігі пен байлығынан айырылуы кәдік болатын.

Сол үшін қаңтар оқиғасы ұйымдастырылды.

Сосын, бас зейнеткер мен оның маңайындағы адамдар биліктен кетті біртіндеп, бірақ әлгі кланның өзі билікте қалды, өзінің барлық орындарын сақтап қалды.

Қазіргі президент «халыққа есеп беру мен жаңа адамдарға жол беру» деген шараларды жүзеге асыруға уәде берді, бірақ сөзден әріге барған жоқ.

Елдегі әбден ушыққан мәселелер ешқайда кеткен жоқ, керісінше, одан бетер ушыға түсті. Шешімге бару керек, бірақ әзірге, құр уәде берілуде. Келесі сайлауға дейін халықтың төзімі таусылып, биліктегі кланға шын қауіп төнетіні анық болды.

Сол себепті, өлетін жерін түсінген билік бұрын қимылдап, кезектен тыс сайлауды жариялап жіберді. Қазіргі президенттің өзіне бұл сайлаудың түкке керегі жоқ, кезектен тыс асығыс сайлау кланға керек, клан билікте бұрынғыдай, қала беруі үшін және бюджетті бұрынғыдай, өз қалауымен «реттей» беруі үшін.

Кім білген, бәлкім, тағы бір күштер бас зейнеткер мен оның отбасының «жүнін қырқып» тастау үшін билікке өз адамын қоймақ болған да болуы мүмкін. Олай болған жағдайда, клан құритын еді. Кезектен тыс сайлау жариялауға осындай жағдай да себеп болса керек.

Меніңше, президентті кезектен тыс сайлау жариялауға клан мәжбүрлеп жіберді.

Халыққа есеп беру мен билікке жаңа адамдарды әкелу – кланның ақыры. Олардың «біліп-білмей» жасаған қылмыстары үшін сотталуы бұл.

Сол үшін клан ешқашан, еш жағдайда билігін біреуге бермейді, әйтпесе, өлгені. Бірақ бір себепке байланысты кланның бұл жоспары жүзеге аспайды: билік 30 жыл бойы еш мәселені шешпеді, кейінге шегеріп келді. Енді шешуі мүмкін емес.

— Әрине, олар әлі де баяғыдай, халықты алдай алады, қорқыта алады, арасындағы белсенді азаматтарды қамап, жоя алады, оппозицияның арасына іріткі сала алады, айта берсек, тағы көп сұмдықты істей алады. Бірақ олар елдегі шешілмеген мәселерді жойылып кетуге мәжбүрлей алмайды. Олар мәселені шешпеді, керісінше, өздерінің ісімен мәселелерді туындата береді.

Ал енді елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай тым асқынып барады. Мәселелер кланның шамасы енді анық келмейтіндей күшейді. Ендігі оқиғалардың жанында қаңтар ойыншық болатын тәрізді.

Не билік халыққа бағынып, билікке бұлардан озық, бұлардан білікті жаңа адамдар келеді, не Қазақстанда үлкен қырғын болады. Оның үстіне, әлем де қазір аласапыран, арпалыс жағдайында тұр . Ұзын сөздің ырғасы, қазақты алда қилы заман күтіп тұр,

дейді сарапшы.
ТЕГи: Главное, Жаңа Қазақстан, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Айдын Қайнарұлы 07.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?