Киевте болған жарылыстан ғимараттар өртеніп, көліктер жанып жатыр.
Жергілікті БАҚ өкілдері және Telegram-каналдар зымырандардың әліге дейін қаланың және Украинаның өзге де аймақтарына түсіп жатқанын жазуда.
Ресей бүгін Украинаның Киев бастаған 7 қаласын бомбалап жатыр. Бұл әлгі Қырым көпіріне жауап болса керек. Украина ПВО-сы зымырандардың жартысын қағып түсіруде. Алайда ПВО саны аз.
Ресми расталмаған ақпарат бойынша Киевте 4 жарылыс болған. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген фото және видеоматериалдарды әлеуметтік желі арқылы таратуда.


Ресей Украинаға қарсы 40 «Калибр» бағыттаған. Қырым жағалауында 11 кеме маневр жасап жүр.
Киев мэрі Виталий Кличко Шевченков ауданындағы жарылыстарды растады.
Шевченко ауданындағы бірнеше жарылыс – ел астанасының орталығында болды. Барлық қызмет түрі жұмылдырылды. Толығырақ кейінірек,
деді ол өзінің Telegram-каналында.
Цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров те Twitter-де Киев қаласының орталығына зымыран түскенін растады.
Украинаның ІІМ ел тұрғындарына жабық жерден шықпауды ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, осының алдында қырым көпірі өртке оранды. Бір нұсқа бойынша, бұл диверсия. Қазір көпір уақытша жабылды. Жанармай тасығыш пойыз жарылған. Жанындағы жеңіл көліктерге арналған көпірдің бір бөлігі қираған.