Categories: Қоғам

Киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба – депутат

«Ауыл» партиясы фракциясының депутаты Аян Зейнуллин мәжіліс отырысында киіктерге қатысты мәселені реттеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың сөзінше, қазір жағдай мүлде басқаша болып тұр. Оған себеп — киік санының күрт көбеюі. Бұл шаруашылыққа жайлы емес.

Кейінгі мәліміттерде киік саны 2 миллионнан асқаны айтылады. Оның 90%-ы Қазақстанның батысында. Негізінде салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылым жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржыcы желге ұшады,

деді Аян Зейнуллин.

Мысал ретінде ол Қазақстанның солтүстігінде жылына 150 мыңдай гектар егін алқабы бүлінетінін айтты. Орта есеппен 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе, сол өңірдің шаруалары 14 млрд теңге шығынға ұшырайды.

Несие қайтара алмаған шаруалар банкрот болып жатыр. Бұндай жағдайда үкіметтің жайбасарлығы таңғалдырады. Киіктен зардап шегіп отырған 6 облыстын шаруалары қауқарсыз болып отыр,

дейді депутат.

Сонымен қатар түрлі себеппен өліп жатқан киіктер де бар. Сол қараусыз тегін жатқан дүниеге ауыл жұрты көз салады дейді Аян Зейнуллин. Кәдеге жаратпаса да, қабырғаны безендіремін деген оймен өліп жатқан киік мүйізін кесіп алғандар сотталып жатыр. Оның ішінде білместік жасаған жасөспірімдер де бар.

Бұл жерде заң бұзушыларды жақтап жатқанымыз жоқ. Мәселені осындай деңгейге дейін жеткізбеу керек. Бұл жерде киіктің емес адамның обалына қалатын сияқтымыз. Сонымен қатар өліп жатқан киіктер түрлі ауру ошағына айналады. Шаруалардың малы сол жерде жайылатындықтан оларға ауру жұғып, эпизоотиялық ахуал ушығады. Қазақстанға киік мәселесімен қаншама шетелдік эксперттер келгенімен ешқандай нақты қадам жоқ. Қазақстанның ең бірінші байлығы – халқы! Осы ретте дәл қазір киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба? Тез арада киік популяциясын реттеп, мүмкін оны өндірістік жолға қойып, мүйізін, етін, терісін дұрыс пайдаланып, кәдеге жаратқан дұрыс шығар? Егер үкімет киік қарғысынан қорықса, шаруалардың шығынын толық өтеп беру механизмін енгізу керек. Бұл мәселеде нақты шешім керек,

деп сауал жолдады Аян Зейнуллин.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago