Ол мұны бүкіл әлемге КХДР ұлылығын паш еткен тарихи оқиға деді.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын эпидемияға қарсы шараларға арналған жалпыұлттық жиын кезінде мемлекет COVID-19 вирусын жеңгенін жариялады, деп хабарлайды Кореяның Орталық ақпарат агенттігі.
Ким Чен Ын ел аумағына енген жаңа коронавирусты жою және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін эпидемияға қарсы науқандағы ең жылдам жеңісін салтанатты түрде жариялады. Ол КХДР халқының бұл жеңісі мемлекетіміздің ұлылығын күллі әлемге тағы бір мәрте паш еткен тарихи оқиға екенін айтты,
делінген хабарламада.
Пхеньян COVID-19 инфекциясының алғашқы дерегін 2022 жылғы 12 мамырда жариялады. 2 жылдан астам уақыт бойы ел басшылығы КХДР-да бірде-бір коронавирус инфекциясы тіркелмеген деп мәлімдеді. Күнделікті сырқаттану көрсеткіші 29 шілдеде нөл болды.
Еске салайық, Солтүстік Корея елде коронавирус инфекциясының пайда болуына байланысты «жоғары деңгейдегі эпидемияға қарсы төтенше жүйе» енгізді. Вирустың таралуын барынша тезірек тоқтату үшін барлық елдімекенде оқшаулау енгізілді.