Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Үкімет басшысы ертеңнен бастап кімдердің айлығы көбейетінін айтты
Экономика

Үкімет басшысы ертеңнен бастап кімдердің айлығы көбейетінін айтты

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 31.08.2023
Обновлено 31.08.2023 в 12:08
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысып жатыр. Ол жиын барысында Президенттің бұған дейінгі жолдауларының қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазіргі уақытта жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың жартысы – жастар.

Президенттің жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту мәселелері туралы тапсырмалары ерекше орын алады. Жастардың жас шамасы 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде 5,7 млн адам мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады.

Биыл олардың 9 мыңға жуығы, соның ішінде әлеуметтік осал топтардағы жастар, 2,5%-пен жеңілдікті кредиттер, өтеусіз гранттар алып, өз істерін ашты. Сонымен қатар, ол 1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылғанын атап өтті.

Сондықтан біз жыл сайын мұғалімдердің жалақысын 25%-ке, дәрігерлердің жалақысын 30%-ке, орта медициналық персоналдың және басқа санаттағы жұмыскерлердің жалақысын 20%-ке арттырып келеміз.

Шамамен 2 мыңнан астам кәсіпорынмен жұмыс жүргізілді. Нәтижесі бойынша жұмыс берушілер 1 млн астам жұмысшылардың жалақысын 10%-тен 50%-ке дейін арттырды.

Сондай-ақ ол білім саласындағы жаңалықтарға да тоқталды. Орта білім беруді қаржыландыру тек соңғы 5 жылдың өзінде 2 еседен астам немесе 2 трлн-нан 4,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Осы мақсатта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында 369 мектеп салынады.

Бұдан басқа, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылды. Осы қорда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде мемлекетке қайтарылған қаражат жинақталады. Бүгінгі күні Қорға 120 млрд теңге түсті. Оның 97 млрд теңгесі 62 мектеп салуға жұмсалды,

деді Әлихан Смайылов.

Жоғары білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын отандық университеттерде білім беру гранттарының санын артып келеді. Биыл бөлінген 88 мың гранттың  73 мыңы (бакалавриат) биылғы мектеп түлектеріне берілді. Ертеңнен бастап 380 мыңнан астам студенттің стипендиясы өседі. Тек соңғы 3 жылда 1 студентке жұмсалатын шығыстар орта есеппен 420 мыңнан 1 млн теңгеге дейін өсті.

Студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету де маңызды мәселе. 2020 жылдан бастап жыл сайын жатақханаларда 10 мың орын пайдалануға беріледі. Жатақханалар құрылысын мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы шеңберінде қазірдің өзінде 99 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 32-сі ашылады деп жоспарлануда.

Бұл ретте 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарынан шыққан, басқа қаладан келген студенттерге жатақханада тұру шығындары өтелетін болады. Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 20%-ке артады.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Сая Манарбековна 31.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?