Categories: Қоғам

Үкімет әуе компанияларын 7 апта бойы жазалағысы келмеді

2022 жылғы шілдеде Fly Arystan мен Air Astana ішкі рейстерінің кешігуі мәселесіне қатысты тергеу басталған еді. ALEM RESEARCH аналитика компаниясы бұл тергеуді тудырған шілде айының соңындағы резонанс әлеуметтік желілердегі 2 айға жуық негативтің апогейі ғана екенін көрсетті.

Бұл әрекетсіздікті мақұлдау ма?

Министрлер кабинеті рейстің кешігуі және отандық әуе компанияларының жолаушыларға деген қарым-қатынасы туралы даудың соңында барып төбе көрсетті. Арнайы комиссияның құрылуын, тергеудің қысқа мерзімде жүргізілуін және айыппұл бойынша тез қабылданған шешімді интернет қауымдастығы мақұлдады.

Дегенмен ALEM RESEARCH деректері үкімет бір жарым ай бойы бұл мәселеге мән бермей, жағдайды резонансқа жеткізгенін көрсетеді. Биыл маусым айының басынан бастап әлеуметтік желілерде ішкі рейстердегі түрлі мәселе айтыла бастады.

Блогерлер шенеунік жұмысының локомотиві сияқты

Аналитиктердің пікірінше, ішкі рейстерге қатысты әуе компаниялары туралы негатив сөздердің жартысына жуығы шенеуніктер белсенді бола бастаған аптада болды. Дәлірек айтсақ, комиссия құрып, тергеу жүргізуге осы себеп болды. Әлеуметтік желілердегі мұндай жаппай таралымды былай-ақ түсіндіруге болады — жазылушысы салыстырмалы түрде көп үш желі қолданушысы осы проблемаға тап болды.

«Қоғамдық пікір лидерлерінің» ниеттес екенін ескерсек, «зардап шеккен» осы блогерлердің постын көптеген басқа қолданушылар қайта жариялаған. Нәтижесі, міне — қоғамдық резонанс.

Айтпақшы, бұл апта да тасымалдаушылар мен халық арасындағы ақпараттық соғыс аренасына айналды. Соңында бизнес жеңілді. Бір-екі аймақтық телеарналардағы әуе компаниялары жақсы екені, барлық мәселе олардың кінәсі емес екені туралы сюжеттер наразылықты сейілтуге көмектеспеді. Республикалық БАҚ беттерінде осындай мазмұндағы бірнеше мақала жұртшылық назарынан тыс қалды.

Айта кетерлігі, индустрия министрлігі де күтпеген жерден қазақстандық лоукостер бағасы бүкіл әлем бойынша ең төмен екенін есептейтін кесте жариялады. Бұл материал әлеуметтік желілерде шенеуніктерді халықтың құқығын сақтаудың орнына, бизнеске қамқорлық жасады деп айыптауға жеткізді.

Қауіпті тенденция

Аналитиктер билік пен халық арасында өте қауіпті қарым-қатынас қалыптасып келе жатқанын айтады. Әуе тасымалына қатысты жағдай туралы негатив мөлшерін жалпы ақпарат ағынымен салыстырғанда ауқымды деуге келмейді. Дегенмен үкімет 1,5 ай бойы назар аудармаған мәселеге мән беруі үшін проблеманы әлеуметтік желіде 3 күн бойы жаппай көтеру жеткілікті болды.

Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Жақында ғана Алматы облысындағы көлік қаққан жылқыға қатысты төтенше жағдайды еске түсірсек болғаны. Құқық қорғау органдары жағдайға қатысты шешімді әлеуметтік желідегі шуға қарай үш рет өзгерткен еді.

Айтпақшы, әуе компаниялары ісінде тағы бір тенденция байқалады. Іс насырға шапқанда ресми БАҚ-тар жанжал туралы әлеуметтік желіден де көп жазып кетті. Әдетте олар резонанс тудырған тақырыпты бұлай іліп әкетпейтін. Дегенмен оларда жарияланған материалдардың басым бөлігі нейтрал немесе оң мағынада жазылды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago