Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Колледждерде оқу мерзімі өзгертілетін болды
Білім

Колледждерде оқу мерзімі өзгертілетін болды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 01.12.2022
Обновлено 01.12.2022 в 04:12
Поделиться
Поделиться

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің колледждеріне академиялық еркіндік берілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасына жазды. 

Ведомство басшысы колледждердің академиялық еркіндігі туралы түсіндіріп берді.

«Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде колледждер жалпы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты болатын. Олардың мазмұнын 50%-ға дейін өзгертуге рұқсат етілді. Сондай-ақ оқу жоспарының бөліктері оқу мерзіміне байланысты болатын. Ал жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл көбіне ресми болып, кәсіби тәжірибелерді жүргізу және олардың мемлекеттік аттестация комиссияларының құрамында болуы қажет болды. Оқуын аяқтаған түлектерді жұмысқа қабылдаған жұмыс берушілердің колледждермен бірлесіп жұмысқа қабылдау кезінде олардың сұраныстарына сәйкес келетін білім беру бағдарламалары мен практикалық сабақтарды әзірлеуге толық мүмкіндігі болмады. Енді колледждерге берілген академиялық еркіндік бұл жағдайды түбегейлі өзгертеді. Ал студенттердің алған білімдері тәжірибе жүзінде қолданыла бастайды», – деді министр.

Оның айтуынша, жаңа ережелер бойынша жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады.

Яғни колледждер оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жалпы бекітілген стандарт бойынша емес, еңбек нарығының, кәсіптік стандарттың, өңірлік ерекшеліктердің және т.б. сұраныстарына қарай әзірлей алады.

Бұған қоса колледждерге оқу мерзімін анықтау құқығы берілді.

Егер бұрын оқу мерзімі екі жылдан төрт жылға дейін өзгеріп, нақты бекітілсе, енді ол мамандықтың ерекшелігіне және оқу нәтижелеріне байланысты болады. Нәтижесінде колледждерде студентке бағытталған орталық қағидасы қамтамасыз етіледі.

«Сондай-ақ студенттердің мамандықты таңдау мүмкіндігі кеңейіп келеді. Біз стейкхолдерлердің (мүдделі тарап) өздерін тарта отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу олардың колледждердегі білім сапасына көзқарасын жақсарта түседі деп есептейміз. Колледждердің білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірлесіп әзірлеу алгоритмі қандай болады? Ол мамандықтар бойынша қажетті құзыреттерді анықтауды, кәсіптік стандарттардың талаптарына және жұмыс берушілердің үмітіне сәйкес келетін оқыту нәтижелерін анықтауды; құзыреттердің өзара байланысын, бағалау әдістері мен өлшемдерін анықтауды; білім алушылардың қажеттіліктерін зерттеуді; білім беру бағдарламасын толыққанды іске асыру үшін ресурстарды айқындауды қамтиды. Әзiрленген бiлiм беру бағдарламалары сараптамадан өтіп, одан кейін барлығына қолжетімді бiлiм беру бағдарламаларының электронды тiзiлiмiне енгiзіледі», – деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

Анара Бауыржанқызы 01.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024
Білім

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа ережесі әзірленді

20.02.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?