️Ұшқышсыз ұшақ дронның көмегімен жіберілген сәлемдемені Алматы облысындағы колония қызметкерлері уақытылы ұстап алды.
Таңғы сағат 4-те №57 (орташа қауіпсіздік) мекемесінің қызметкерлері колония аумағында ұшатын аппаратты байқады. Дрон пакетті мекеме аумағына тастап, ары ұшып кетті. Мекеменің кезекші бөліміне ұшу объектісі арқылы бақылау жолағына сәлемдеменің түскені туралы дабыл келіп түсті.
Дереу Қонаев қалалық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақырылып, нәтижесінде ішінде жасыл түсті ұнтағы бар 26 пакет, зарядтағышы бар ұялы телефон және өсімдік тектес 500 грамм жасыл зат тәркіленді.
Факт бойынша сараптама тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді.
Ескертулерге қарамастан, жыл басынан бері тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелердің аумағына өткізудің 228 әрекеті тоқтатылды.
Осыған орай Қылмыстық — атқару жүйесі комитеті аталмыш әрекеттер үшін жауапкершілік туралы ескертеді.