Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Комикс жазушысы: мемлекет авторлар кітабын шығаруға тиіс емес
Басты жаңалықтарРуханият

Комикс жазушысы: мемлекет авторлар кітабын шығаруға тиіс емес

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 24.08.2022
Обновлено 24.08.2022 в 03:08
Поделиться
Фото. CC0/bobbi7/
Поделиться

Комикс жазушысы Садық Шерімбек жазушылар мемлекетке кітап шығарып берсін деп иек артпауы керек екенін айтады. Бұл әрекет қазіргі нарық заманына сай емес.

Жазушының айтуынша, көптеген автор «біздің кітапты шығармайды, таратпайды» деп мемлекетке ренжиді.

Негізі, қазіргі нарық заманында мемлекет ол нәрселерді жасауға тиіс емес. Иә, мемлекет идеологиясы үшін, мемлекет үшін маңызды кітаптарды шығаруға көмектесуі керек. Бірақ бүкіл жеке автордың кітабын шығармайды. Әдебиет саласы бұлай дамымауы керек. Нарық бар, оқитын халық бар, алатын адам бар. Қазақша кітап алмайды деген күннің өзінде, кейінгі 2-3 жылда 200-300 мың данамен сатылып кеткен кітаптар бар,

деді Садық Шерімбек «Айбоз» ұлттың әдеби сыйлығына арналған брифингіде.

Ол, әсіресе, жас жазушылар жүз мыңдап сатылған кітап шығарушылардың моделін көбірек үйренгені дұрыс екенін айтады.

Әрине, жазушы жазумен айналысуы керек. Дегенмен біздің жағдайымызда, өкінішке қарай, жазушы әрі маркетолог болуы керек әрі сатуды да игеруі керек болып тұр. Сол жолды жүріп өткен мықты жазушылар келешекте Қазақстанда әдеби агенттіктердің негізін қалауы әбден мүмкін деп ойлаймын,

деді комикс жазушысы.

Садық Шерімбек журналистің «сұранысқа сай жазу керек шығар» деген пікіріне де жауап берді.

(Бұл пікірге) келісуге де болады, келіспеуге де болады. Бірақ әдебиет деген жабайы тауар емес. Әдебиет — талғамды қалыптастырушы. Халық сұранысы бар, бірақ одан екі деңгей жоғары жазып, бастама көтеруге болатын сияқты,

деді жазушы.

Айта кетейік, мемлекет қаламгерлер мен баспагерлерді қолдау және ынталандыру үшін «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын тағайындаған еді.

Бұл сыйлықты 7 номинация бойынша алуға болады:

  • «Үздік проза». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (роман, повесть, әңгіме, хикаят, әдеби эссе) қабылданады.
  • «Үздік поэзия». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 100 беттен аспайтын шығармалар (поэма, дастан, жыр, өлең, өлеңдер топтамасы) қабылданады.
  • «Үздік драматургия». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (пьеса) қабылданады.
  • «Үздік әдеби аударма». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын аударма еңбектері қабылданады.
  • «Балаларға арналған үздік шығарма». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (балаларға арналған әдеби еңбектер) қабылданады.
  • «Үздік комикс». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, комикс бағытындағы еңбектер қабылданады.
  • «Үздік кітап дизайны». Кейінгі 3 (үш) жыл көлемінде Қазақстан Республикасының көлемінде таралыммен басылған кітаптар қабылданады. Сыйлық қорытындысын шығарарда кітаптардың дизайнерлік безендіру ұтымдылығына, иллюстрациялық безендірілуіне баса назар аударылады. Сыйлыққа кітаптың 4 данасы тапсырылуы керек.

Әр номинация бойынша берілетін сыйақы мөлшері — 5 миллион теңге.

Ұсынылатын еңбектерді 2022 жылғы 15 маусым-1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электрон поштасына жіберу қажет.

Сыйлық тұжырымдамасы мен ережелерін мына жерден оқуға болады.

Таңшолпан Төлеген 24.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
РуханиятТарих

Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді

04.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?